БИЛИНГВИЗМНІҢ БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ ОҢ ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • Ж.К. Туймебаев КазНУ им. Аль-Фараби
  • А. Уалиханұлы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.020

Кілт сөздер:

бала қостілділігі, мектепке дейінгі жас, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, орыс тілі, тілдік әлеуметтену, сөйлеу әрекеті, кодтардың ауысуы

Аннотация

Бұл мақалада біз балалардағы билингвизмнің психологиялық аспектілерін қарастырып, билингвизмнің артықшылықтарын талдаймыз. Мақаланың мақсаты – билингвизмнің баланың дамуына қалайша оң әсер ететіндігі туралы анықтама беру.

Мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде саналатын Қазақстан Республикасында жаппай тұрақты қостілділік жағдайында балалардың билингвизм мәселелері ерекше өзектілікке ие болатыны айқын. Балалық шақ адамның дамуында ерекше маңызды уақыттың бірі болып қарастырылады. Қысқа уақыт ішінде бала үлкен көлемде ақпарат алып, қоғамда одан әрі әлеуметтену үшін әртүрлі қажетті дағдыларды игереді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы - зерттеу барысында жүргізілген бақылауларда, қорытындыларда және эксперименттердің түрлерін қамтиды.

Авторлар теориялық әдістерді, сауалнама, бақылау, аудио және видеожазба әдістерін қолданды. Сонымен қатар, мақалада Алматы қаласында орналасқан № 6 балабақшаға баратын мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының сауалнамаға жауап берген нәтижелері көрсетілген. Эксперимент барысында мектеп жасына дейінгі 79 балалардың ата-аналары қатысты. Әрбір сауалнама сұрағы ата-аналардың белгілі бір жағдайларда балаларымен қандай жолмен қарым-қатынас жасайтынын анықтау үшін таңдалған. Зерттеу нәтижелері мектеп жасына дейінгі балаларда қазақ тілі басым екенін, ал орыс тілі оларға ана тілімен салыстырғанда біршама қиын болғандығын көрсетті.

 Билингвизм балалардың ақыл-ой қабілеттерінің дамуына оң әсер етіп қана қоймай, олардың жалпы тілдік және аударма қабілеттерін белсендіретіндігі айтпаса да түсінікті. Алынған нәтижелер бала билингвизмі туралы білімді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар аталған саланың болашақ лингвистикалық зерттеулердің негізі ретінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи