САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.010Кілт сөздер:
дискурс, саяси дискурс, ұлттық дискурс, саясат, сәйкестік, сөйлеу, ұлттық ерекшелік, мәдени контекстАннотация
Бұл мақалада саяси дискурс, атап айтқанда әртүрлі мемлекет сасясаткерлері баяндамаларының ұлттық ерекшеліктері туралы мәселе қозғалады. Сөйлеушінің мақсатына жұртшылықты сендіру үшін саяси баяндамалар белгілі бір мәдени-әлеуметтік контекстте қалыптасатыны сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты – әртүрлі елдердегі саяси дискурсқа тән ұлттық ерекшеліктерді анықтау. Мақалада саясаткерлердің сөйлеген сөздерін негізге ала отырып, саяси және ұлттық дискурстың өзара байланысын анықтау мақсатында талдау жұмыстары жүргізілді. Негізгі бағыттары мен идеялары: зерттеу барысында ғылыми әдебиеттердегі белгілі мақалалар мен авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, берілген мәселеге қатысты көзқарастар қарастырылды, зерттеу материалдарына дискурстық талдау жасалды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы дискурс талдаудың әртүрлі тәсілдерінің үйлесуі қарастырылып отырған саяси баяндамаларды толыққанды түсіндіруге ықпал ететіндігімен анықталады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді этнолингвистикалық зерттеулерде пайдалану мүмкіндігінде.
Саяси дискурстың ұлттық ерекшеліктерін зерттеу әдістемесін дискурс талдау құрайды. Бұл талдау әртүрлі ұлттық және саяси контексттердегі саяси дискурс феноменін неғұрлым кең және жан-жақты түсіндіруге мүмкіндік береді.
Бұл зерттеуде саяси және ұлттық дискурстың бар-жоғын анықтау мақсатында белгілі саясаткерлердің (Қасым-Жомарт Тоқаев, Тереза Мэй, Дональд Трамп және Ангела Меркель) сөйлеген сөздеріне талдау жасалған. Талдау нәтижелері бұл саясаткерлердің сөйлеген сөздерінде ұлттық сәйкестік, саяси амбициялардың және мәдени құндылықтардың маңыздылығын көрсететін ортақ белгілерді көрсетті.
Зерттеу қорытындысы саясаткерлердің дүниетанымы мен басымдықтарын, олардың сөйлеген сөздері мен қызметін түсінуге көмектесті. Зерттеудің құндылығы саясаткерлер үшін де, ғылыми қауым үшін де маңызды теориялық тұжырымдарды толықтырады. .