В.В. РАДЛОВ СӨЗДІГІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ: АРАБ, ПАРСЫ КІРМЕ СӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТЕРМИНДЕНУ ҮДЕРІСІ

Автор(лар)

  • Кулманов С. Институт языкознания имени А.Байтурсынова
  • Буркитбай Г.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.013

Кілт сөздер:

сөздік, лексикалық құрам, араб-парсы кірме сөздері, терминдену, заңнама, түбір, жұрнақ, бейімделу

Аннотация

Мақала академик В.В. Радлов сөздігінің (бұдан әрі – Сөздік) лексикалық құрамындағы араб, парсы кірме сөздерін және мұндай кірме сөздердің қазіргі кездегі терминдену үдерісін талдауға арналады.

Зерттеудің мақсаты, негізгі бағыты мен идеясы араб, парсы кірме сөздерінің қазақ тіліндегі лексикалық және терминологиялық қорындағы сипатын ашып көрсетуді көздейді.

Мақалада іріктеу, жүйелеу, лексика-семантикалық топтарға бөлу, құрылымдық, этимологиялық (диахрондық), сипаттау, құрылымдық, семантикалық топтау, синхрондық талдау, салғастыру әдістері қолданылды.

Мақалада Сөздікте архизмдер мен историзмдер ретінде көрсетілген кейбір сөздердің қазіргі кезде әртүрлі салада терминдік мағынада қолданылатыны көрсетіліп, онда тіркелген араб, парсы кірме сөздерінің төмендегідей ерекшеліктері анықталды: барлығы дерлік (кейбір сөздерді қоспағанда) қазіргі кезде тілімізде сөздікте көрсетілген мағынасында қолданылады; әртүрлі ғылым саласында термин ретінде қолданылады; бірнеше мағынасы берілген; бірнеше мағыналы сөздердің әртүрлі сөз табына жататыны көрсетілген; қазақ тілінің жұрнақтары жалғануы арқылы жаңа сөздер жасалған; қазақ тілінің жалғаулары жалғанған; қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды; қазіргі кезде басқа мағыналарда қолданылады; бірнеше нұсқасы берілген; мағынасы күңгірт сөздер қазіргі кезде сөз тіркестерінің құрамында қолданылады; сөздікте жалқы есімдер берілген.

Мақалада қазақ тіліне енген араб және парсы сөздерінің терминденуі қазіргі заңнамалық құжаттарда қолданылуы (немесе қолданылмауы) және Республикалық терминология комиссиясының отырыстарында бекітілуі (немесе бекітілмеуі) тұрғысынан, құрылымдық және мазмұндық сипаты бойынша топтастырылды.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер: 1) Сөздіктің лексикалық құрамына жататын араб, парсы кірме сөздерін мазмұндық тұрғыда жіктеу лексикология және араб, парсы кірме сөздерінің қазіргі кездегі терминдену үдерісін талдау терминология саласының ғылыми-теориялық негіздерін жетілдіруге үлес қосады; 2) әртүрлі сөздіктер (тарихи, терминологиялық және т.б.) құрастыруда, тіл білімінің  лексикология, тіл тарихы, диалектология, терминология салалары бойынша дәрістер оқуда практикалық мақсатта қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи