ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ОТАРЛАУ ПРОЦЕСІНІҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ КӨРІНІСІ

Автор(лар)

  • Г.Б. Токшылыкова Казахский национальный педагогический университет
  • Э.К. Сартбаева
  • Р.Б. Бораш

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.028

Кілт сөздер:

қазақ рухы, отарлау, жылқы түлігі, жайылым, көшпелі өркениет, болмыс, дәстүр, барымта салты

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – кеңес заманында жарық көрген дилогияның аллегориялық сипатын аша отырып, көркем туынды желісі бойынша қазақ жерін отарлау үдерісіне бойлау. Авторлық позицияны айқындауды негізгі бағыт ете отырып, авторлар тәуелді кезең туындыларына жаңаша көзқараспен қарап, интерпретациялау қажеттігі идеясын алға тартады. Сан жылдар бойы бұрмаланған дәстүріміз бен ұлттық болмысымызды тарихи қалың қабаттарынан аршып, індете зерттеп, құндылығымызды дәріптеу, тәуелсіз көзқарас тұрғысынан оң бағасын беру – зерттеудің өзектілігі болып табылады. Ғылыми жаңалығы – астарлы мағынада жазылған романды тәуелсіздік көзқарас тұрғысынан пайымдап, қалың қабатын аршып көрсетіп, қаламгердің романды жазудағы басты мақсатын, ұлтына адалдығын, елжандылығын танытуында. Зерттеу нысанына жазушы Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясы алынды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы отарлық пиғыл мен мақсатты оқырманға түсіндіру арқылы авторлық шешімнің айқындалды. Тарихи фактілерге сүйене отырып, заман атмосферасын, тынысын, әлеумет өмірін айқын көрсету үшін автор кеңестік заманда осы туындыны мақсатты түрде жазған. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның жетістіктерін қазақ тарихы, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты арнайы курс, семинарларда, оқу құралын жазуда кеңінен пайдалануға болады. Жазушы шеберлігі мен өмір шындығы, ондағы көркемдік мұраттар, қазақ болмысы, дүниетанымы өзара байланыста қарастырылады. Осы бағытта тарихи, тарихи-мәдени, тарихи-типологиялық зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеуде геосаяси жағдайларға байланысты қазақ жерін отарлау процесі күрделі жағдайда өткені, оның қазақ халқының өміріне үлкен өзгерістер әкелгені, тұтас ұрпақтың психологиясына кері әсерін тигізгені ғылыми еңбектерге сүйене отырып талданып, айқындалды. Нәтижесінде романның өн бойында көрініс тапқан патшалық империяның отарлау; қазақ зиялылары мен ақсүйектерін кемсіту, мұқату, қорлау; қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алу; құнарлы жерге орыс даласынан келімсектерді әкеліп орналастыру; зиянды, кеселді қасиеттерін үйрету, жұқтыру сынды дүниелер әлеумет өмірі арқылы пайымдалды. Соның ішінде дала халқы тіршілігінің негізгі көзі болған жылқы түлігінен айыру арқылы қазақ рухының әлсіреуі мәселесі кеңінен пайымдалады. Зерттеудің құндылығы сол Ақан сері трагедиясына тереңдеу арқылы мәдениет, тарих, этнография, құқық саласына қажетті білім құндылықтары жүйеленді. Жұмыс қорытындысының практикалық маңыздылығы тоталитарлық жүйеге қарамастан отарлық пиғылды ашық көрсеткен ұлт жанашыры С.Жүнісов романының тарихи құндылығы, ұлт руханияты үшін маңыздылығы бағамдалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи