АНТРОПОНИМДЕРДІҢ ХАЛЫҚТЫҚ ЛИНГВИСТИКАДА ТҮСІНДІРІЛУІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.014Кілт сөздер:
қарапайым метатілдік сана, тіл туралы білім, тіл туралы білімді танудың кәсіби емес немесе әуесқой методологиясы, халықтық этимология, лингвистикалық антропология, ономастика, халықтық лингвистика, антропонимАннотация
Ұсынылып отырған жұмыс халықтық лингвистиканы лингвистикалық антропологияның бір саласы деп қарайтын көзқарастарға сүйене отырып, антропонимдердің шығу төркінін халықтың қарапайым санасы қалай түсіндіретінін анықтауға арналған.
Мақаланың мақсаты – антропонимдердің халықтық лингвистикада түсіндірілу ерекшеліктерін Мираш, Мапырашты, Шапырашты, Жалайыр, Қаңлы атауларына қатысты аңыз-әңгімелер негізінде анықтау. Халықтық лингвистиканың зерттеу нысанына тіл тұтынушыларының өз тілдері туралы түсініктері, бұл түсініктің тілдің құрылымына және қауымдастықтағы әлеуметтік-мәдени жағдаятқа әсері кіреді деп саналады. Оның бір саласы халықтық этимологияда сөздің шығу төркіні тіл тұтынушысы тарапынан қалай түсінілетіні, яғни атау астарында не жатқанын, оның әлеуметтік себептері мен салдарларын, олардың мәдени мәнін ашу мақсат етіледі.
Мақаланың ғылыми маңыздылығы халықтық лингвистика терминінің жарыспалы қолданыстары мен олардың мәні, зерттеушілердің өзара үндесетін және қарама-қайшы пікірлерінің сұрыпталып, халықтық лингвистиканың ғылыми зерттеу нысаны мен пәніне, халықтық немесе қарапайым метатілдік сана мен ғылыми білімнің арақатысын айқындауға қатысты тұжырымдардың жүйеленуімен, ал практикалық маңызы тіл туралы «кәсіби емес» білімді талдау үлгісінің берілуімен түсіндіріледі.
Жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеулерге шолу жасауда негізгі тұжырымдарды салыстыру, талдау әдістері және түрлі дереккөздерден жинақталған халықтық лингвистиканың мысалдарына мәтіндік талдау жасау әдісі қолданылды. Жұмыс қорытындысында Мираш, Мапырашты, Шапырашты, Жалайыр антропонимдерінің халықтың қарапайым санасындағы түсінігін аңыздар мен әңгімелер мазмұны тасымалдайтынын, сол мәтіндер мазмұнына сүйене отырып атаулардың берілу себептерін (1) адам мінезіне қатысты берілген лақап атау (Мираш), 2) адамның бойындағы күш-қуатына негізделген атау (Мапырашты) 3) соған дыбыстық ұқсастықпен әрі ат қоюшының өтінішімен берілген атау (Мапырашты/ Шапырашты), 4) көзінің қисық, қылилығын негізге алып қойылған атау (Шапырашты), 5) батырдың күштілігін сипаттаған тіркестің кірігуі (Жал айырған батыр/Жалайыр)) анықталып, тұжырымдалды.
Ұсынылып отырған мақаланың құндылығы халықтық лингвистиканы жеке сала сапасында қарастыратын ғылыми тұжырымдарды толықтырады. Жұмыстың практикалық мәні жасалған тұжырымдардың осы бағыттағы зерттеулерде қолдануға жарамдылығымен сипатталады.