ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ПАРЕМИЯЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Авакова Р.А. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
  • Айткулова Г.А.
  • Розиева Д.С.
  • Алибекова М.Е.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.002

Кілт сөздер:

паремия, концепті, фрейм, мәдениет, мақал-мәтелдер, коннотация, семантика, ұлттық дүниетаным, мәдени таңба

Аннотация

Мақалада ағылшын, қазақ паремияларының когнитивтік ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада паремиялардың танымдық, тілдік ерекшеліктері зерттеліп, қолданыстағы мысалдары келтіріледі. Концептіні тануда паремияларды талдаудың маңыздылығы сол мақал-мәтелдердің әр халықтың негізгі құндылық бағдарларын беруімен, олардың ықшамдалған ұлттық-мәдени мәтіндердің бір түрі ретінде көрінуімен байланысты. Ағылшын, қазақ мәдениетінде ұлттың тарихы мен мәдениетінен, күнделікті тіршілігінен, салт-дәстүрінен ақпарат беретін мақал-мәтелдер халықтың тәрбие құралы ретінде тіл қолданысында ерекше маңыздылыққа ие. Қазақ, ағылшын тілдеріндегі алтын\\gold компонентті паремиялар когнитивті кеңістікте, концептіде этномәдени, лингвомәдени ақпараттар басым түрде жинақталған кодталған лингвомәдени таңба болып табылады. Зерттеу мақаласының негізгі мақсаты қазақ, ағылшын  тіл білімінде концептуалды талдаулардыңұлттық-мәдени және танымдық сипатын ашу болып табылады.

Зерттеу тақырыбыныңөзектілігі алтын\\gold компонентті паремиялардың когнитивтік сипатын ашу барысында екі ел мәдениетіндегі жағымды, жағымсыз тіл бірліктерінің  танымдық негізін ашу болып табылады. Зерттеудің жаңалығы ағылшын, қазақ тіліндегі алтын\\gold компонентті паремиялар когнитивті кеңістікте алғаш рет зерттелуін жатқызуға болады. Мақалада қазақ лингвомәденитанымы мен ағылшын ұлттық болмысындағы алтын\\gold компонентті паремиялардың лингвоконцептология парадигмасы аясында зерттеу арқылыәлемнің тілдік бейнесіндегі екі ұлттың мәдени сипатты анықтаушы мәдени маркілі лингвомәдени бірліктердің когнитивті сипаты анықталды.Мәтін түзуші ұлт мәдениеті мен өркениетінен мағлұмат беретін тілдік бірліктерге лингомәдени танымдық талдау жолында концептуалдық талдау әдісі пайдаланылды. Сонымен қатар, мақаланың тұжырымдарын жасауда, когнитивтік лингвистика  нысаналарындағы  өзекті мәселелерді айқындауға  сипаттама жасау, жүйелеу, бақылау, салғастыру, түйіндеу мен  жіктеу әдістері талданатын материалдардың когнитивтік-лингвистикалық, лингвомәдени, этномәдени тұрғыдан сипаттама беруде пайдаландық.

Зерттеудің  ғылыми құндылығы мен   практикалық  маңыздылығы елтану, когнитивтік лингвистика бағытында әдістемелік құрал ретінде және «Ағылшын, қазақ лингвомәдени танымын салғастыра зерттеу»  атты  лекция курстарында қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи