ҚАЗІРГІ АЙТЫСТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫ (А.Қалиев, Р.Зайытов, Б.Имашев, А.Бердалин айтыстары негізінде)

Автор(лар)

  • Шахманова Г.Ш. КУ имени Ш.Уалиханова
  • Тлеубердина Г.Т.
  • Нуржаксина М.К.
  • Каналина Г.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.036

Кілт сөздер:

айтыс, ақын, өлең, мақам, типология, поэтика, синкреттілік, әлеуметік маңыз

Аннотация

Мақала Қазақтан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан AP19574645 «Қазіргі айтыстың типологиясы мен поэтикасы» атты  жобасы аясында  жазылған. Мақалада халқымыздың көне, өміршең өнерінің бірі, поэзия жанрының ең күрделісі – айтыс жайлы сөз етіледі. Әдеби мұраның қалыптасып, өркендеуі бұл өнердің кең етек жаюына ат салысқан ақындар, әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңде айтыс сахнасында өнер көрсете бастаған шабыт иелерінің шығармашылығы зерделенеді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін айтыстың тақырыптық-идеялық өрісі кеңейіп, бұл өнер түрі ұлттық рухани өрлеуге жарқын шырай берді. Жас айтыскерлердің жаңа лебі ауқымды мәселелерді батыл көтере білді.  Қазақ халқының қанына сіңіп,  жаңаша дамып келе жатқан асыл мұраның жалғастырушысы – бүгінгі айтыскер ақындар. Осыған сәйкес, мақаламыздың мақсаты – санаға түйген жүрек жарды сезімін  сахна үстінде айтып беретін шын дарын иелерінің ақындық идеясы мен жыршылық  даралықтарын, айтыстағы әдіс-тәсіл қолдану шеберліктерін анықтау,  ақындық мұраларына поэтикалық тұрғыдан талдау.

Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы қазіргі айтыстардың тақырыптық ерекшеліктерін ескере отырып, ақындардың тілге тиек ететін мәселелерін зерттеп,  ол айтыстардың қоғамдық маңызы мен  әлеуметтік мәнін таныту.   Зерттеу тақырыбына негіз болған қазіргі қазақ айтысының өкілдері Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Балғынбек Имашев, Арман Бердалин сынды ақын айтыстарының көркемдік қыры мен тәрбиелік мәні зерделенеді. Ақындардың шығармашылығын, олардың жеке авторлық бейнесін  құру  және сипаттау арқылы мәдени мұрамызды жаңғыртуға, ұлттың мәдени кодын дамытуға ықпал етеді.

Мақаланың негізгі нәтижелері жоба аясында қазіргі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесінің әдебиет пен мәдениеттегі орнын түсіну, рухани мұраны сақтап, қазақстандық брендті қалыптастыруында. Өскелең ұрпақ бойында адамгершілік және азаматтық-патриоттық сезімдері мен ұлтжандылығын қалыптастыруда бұл өнердің орны мен маңызы ерекше.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи