ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ТАЗА» КОНЦЕПТІСІ СЕМАНТИКАСЫН ФРЕЙМДІК ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Ерназарова З.Ш. University KIMEP
  • Ерназарова Г.Ш. Кызылординский государственный университет имени Коркут Ата https://orcid.org/0000-0002-3251-9718

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.007

Кілт сөздер:

таза, мәдениеті, дүниетаным, категориалды концепт, семантика, фрейм, слот, этникалық концепт

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі таза категориалды концептісі зерттеледі.

Зерттеу мақсаты – категориалды сипатқа ие этникалық таза концептісін когнитивті –семантикалық тұрғыдан зерттеу, сипаттау.

Зерттеу әдістері ретінде дефинициялық компонентті талдау, фреймдік-семантикалық талдау, лингвомәдени талдау әдістері қолданылды. «Таза» сөзінің дефинициялары түсіндірме, синонимдік  және фразеологиялық сөздіктерден, Алматы қазақ тілі корпусынан  тілдік қолданыстар түрінде жаппай теріліп алынды. Тілдік материалдар ортақ категориалды белгі «таза» семасының  көрінісіне  қарай сараланды.Өйткені ортақ «таза» семасы «таза» - «лас/кір», «адал»-«адал емес», «әділетті»- «әділетті емес» қарама-қарсы ұғымдары қатысатын тілдік қолданыстарда  айқындалады. Зерттеу жұмысында «таза» сөзінің семантикасы еркін және фразеологиялық сөз тіркестер құрамында талданды,синонимдік қатардағы мағыналық ерекшелігі анықталды.

Мақалада ұлттық дүниетаным мәдениетінің көрінісі таза концептісінің контекстуалды қолданыстарына баса назар аударылды. Концепт когнитивті құрылым болғандықтан, фреймдерге жіктелді.Сондықтан тілдік қолданыстарға фреймдік талдауға   басымдық берілді. Фреймдік –семантикалық талдау жұмыстары таным объектілерін таза/кір/лас/адал деп бағалау қазақ тілінде категориалды этникалық таза концептісін қалыптастырғанын нақтылады. Таза концептісі антропоөзектілік парадигмасында қазақ халқының өмір сүру ортасымен, тұрмысымен, әлеуметтік, философиялық көзқарастарымен тығыз байланыста  қалытасқандықтан, күрделі семантикалық құрылымға ие.

Зерттеу нәтижесі тіл иесінің танымында жаңа ақпаратты концептілер жүйесінде категоризациялайтын этникалық таза  концептісінің ұлттық сипатын негіздеді.      

Зерттеудің теориялық маңызы – қазақ лингвомәдениеттану саласын ұлттық дүниетаным мәдениетінің концептуалды бейнесін  сипаттайтын зерттеулермен толықтырды.

Зерттеудің практикалық маңызы тілдік материалдары мен тұжырымдарды линвомәдениеттану саласы бойынша зерттеулер мен дәріс оқуда, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуда қолдануымен анықталады.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи