ИНВЕКТИВТІ ЛЕКСИКА ТІЛДІК АГРЕССИЯНЫ БІЛДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ (Ш.МҰРТАЗАНЫҢ «ҚЫЗЫЛ ЖЕБЕ» РОМАНЫ НЕГІЗІНДЕ)

Автор(лар)

  • Меттибаева С.А. Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Досымбекова Р.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.010

Кілт сөздер:

инвективті лексика, тіл мәдениеті, лингвомәдениеттану, бейәдеп сөздер, тілдік агрессия, тілдік құбылыс, лингвоконцептуалдық талдау, сөйлеу құбылысы

Аннотация

Инвективті лексика – адамның ар-намысын таптау, қорлау мақсатында жұмсалатын тілдік бірліктер. Мақалада тілдік агрессияны білдіретін инвективті лексикаға лингвистикалық сипаттама берілді. Мақаланың мақсаты, негізгі  бағыттары  мен  идеяларына – осы  мақалада берілген мысалдарды талдау барысында инвективті лексиканың агрессиялық бояуын қазақ романдарындағы тілдік бірліктер арқылы дәлелдеп көрсету.  Инвективті лексиканың ашу-ыза үстінде айтылатын және мақсатты түрде адресантқа бағытталған түрлері бар. Мақалада инвективті лексиканың зерттелу тарихы мен оның қазіргі зерттелу аймағы анықталды. Тілдік агрессия дегеніміз – дұшпандықты, өшпенділікті білдіру үшін тілдік құралдарды қолдану, біреудің мақтанышын, қадір-қасиетін қорлайтын сөйлеу тәсілі, сондай-ақ адресаттың агрессивті әрекеттерге тікелей шақыруын білдіру, сұхбаттасушының агрессивті тонусын сақтау және сөйлеу құрылымы.

Мәтіндегі инвективті қарапайым экспрессиядан ажырату үшін, қорлау әрдайым адресатқа немесе үшінші тұлғаға бағытталған екенін есте ұстаған жөн. Сонымен қатар, тіл деңгейіндегі айыптау сөзінің белгілеріне мыналар жатады: сөйлеушінің ашулы үні, бұйрық (күшейту), жеке есімдіктерді қолдану. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығына инвективті лексикаға қатысты отандық зерттеулердің қатарын толықтырып, талданған инвективтер негізінде олардың мән-мағынасы мен қолдану аясына қатысты түсінік пайда болады. Зерттеу әдіснамасының негізіне отандық ғалымдардың тұжырымдамалары мен теориялары алынған.

Инвективтерді талдау үшін Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романы алынды. Романда тап тартысы мен түрлі саяси-әлеуметтік  қақтығыстар баяндалған. Берілген мысалдарға лингвоконцептуалдық талдау жасалды. Қазақ тілінде жиі қолданылатын ақымақ, иттің баласы, ит, атаңа нәлет, атауыңды іш, шірік, қақбас, сорлы, т.б. инвективтердің түпкі мәнін анықтап, оның экспрессиясы сараланды. Әдетте, инвективтер ашу, ыза, кек, өшпенділік, қорлау, менсінбеу, келемеждеу, намысына тию, ашындыру, т.б. мақсатында қолданылады. Зерттеудің нәтижесінде қазақ тіліндегі инвективтердің мағыналық топтары ажыратылды, агрессиялық күші талданды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles