ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР: АШЫҚ БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛ ҮЙРЕТУГЕ ӘСЕРІ

Автор(лар)

  • Абнасырова Ж.Р. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Искакова Ж.
  • Ескермесова Г. А.3
  • Сатбекова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.025

Кілт сөздер:

ашық білім беру платформасы, қашықтан оқыту, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту, цифрлық технологиялар, қазақ тілі, инновациялық тәсілдер, мультимедия, онлайн білім беру, тілдік платформа, мобильді қосымша

Аннотация

Үнемі дамып келе жатқан білім беру ландшафтында технологияның интеграциясы дәстүрлі оқыту әдістемелерін айтарлықтай өзгертті. Парадигма өзгерісіне ұшыраған маңызды салалардың бірі ол – тіл үйрету әдістемесі. Қазіргі уақытта онлайн білім беру платформалары тілді тиімді және қолжетімді меңгеруге мүмкіндік беретін қуатты құрал ретінде пайда болды. Интернеттің кең таралғандығы және цифрлық ресурстардың көбеюі тіл біліміндегі жаңа дәуірге жол ашып, білім алушыларға әртүрлі лингвистикалық дағдыларды меңгеруге, бүкіл әлем бойынша спикерлермен байланысуға және оқу тәжірибесін жеке қалаулары бойынша бейімдеуге бұрын соңды болмаған мүмкіндіктер берді.

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты тіл үйренуге арналған  әлемдік онлайн платформаларды және оның зерттелу жолын қарастыра отырып, осы цифрлық революцияның қыр-сырын ашуды  көздейді.

Мақалада қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесімен айналысып жүрген отандық ғалымдар мен әдіскерлердің тіл оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен әдістеме туралы пікірлері айтылды. Сонымен қоса қазіргі кездегі қазақ тілін ашық білім беру платформалары арқылы оқыту әдістемесін зерттеу енді қолға алынып жатқандықтан әлемдік ғалымдардың тілді шет тілі ретінде ашық білім беру платформасы арқылы оқыту әдістемесіне теориялық талдау жасалды және осы бағытта зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдардың жобалары туралы қысқаша айтылып өтті.

Мақаланың қорытындысы ретінде әлемде тіл үйрету нарығы интернет пен мультимедианы кеңінен қолдану арқылы жаңа технологиялық мүмкіндіктердің көмегімен дамып келе жатқан уақытта қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда әлемдік ашық білім беру платформаларын зерттеу және ең озық үлгілеріне қарай отырып, тіл үйрететін платформалар жасау аса қажет деген тұжырым жасалды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи