АУЫЗША САЯСИ ДИСКУРС: ДОНАЛД ТРАМПТЫҢ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІНДЕГІ ҮНДЕУІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ СИНХРОНДЫ АУДАРУ ТАЛДАУЫ

Автор(лар)

  • Г.С. Асанова Казахский Университет Международных Отношений и Мировых Языков имени Абылай Хана
  • Д.А. Джайлганова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.021

Кілт сөздер:

синхронды аударма, инаугурациялық үндеу, инаугурациялық дискурс, саяси дискурс, аударма стратегиялары, адекваттылық, аударманы талдау, компрессия стратегиясы

Аннотация

Ұлықтау рәсімі кезіндегі үндеу – жаңадан сайланған президенттің ант беру рәсімі кезінде айтылатын маңызды қоғамдық процесс болып табылады. Инаугурациялық үндеу әдетте президенттің көзқарасын, оның мақсаттарын және билікте ұстанатын саяси басымдықтарын сипаттайды.

Бұл зерттеу Дональд Трамптың инаугурациялық үндеуін ағылшын тілінен орыс тіліне синхронды аудару кезінде қолданылатын аударма мәселелері мен стратегияларына назар аудара отырып, синхронды аударманың күрделі саласына тереңірек үңіледі.

Мақаланың мақсаты – Дональд Трамптың инаугурациялық үндеуін ағылшын тілінен орыс тіліне аудару кезінде ілеспе аудармашылар қолданатын стратегияларды анықтау және түпнұсқа мен аударма нұсқасына салыстырмалы талдау жасау.

Синхрондық аударманы талдау үшін біз білікті аудармашылардың ресми аудармаларына сүйендік. Аудармаларға салыстырмалы талдау жүргізгенде біз В.М. Илюхиннің ілеспе аударма классификациясына сүйендік. Талдау әдістеріне теориялық материалды шолу, сипаттамалық талдау, бастапқы және мақсатты мәтіндерді салыстырмалы зерттеу, аударманы талдау жатады.

Бұл талдауда әртүрлі синхронды аударма стратегияларының қолданылуы көрсетілген. Ерекше назар саяси дискурстың ауызша аудармасының күрделі сипатын көрсететін компрессия стратегиясына аударылды. Компрессия стратегиясының басымдығы аудармашылардың ағылшын тілді саяси контекстке тән сөйлеудің жылдам қарқынына бейімделуін қамтиды. Компрессия стратегиясы аудармашының арсеналындағы маңызды құрал ретінде танылады және аудармашылар міндетті түрде қолдануы керек әдістер санатына жатады.

Бұл зерттеудің теориялық маңыздылығы халықаралық аренада саяси баяндамаларды аударудың ерекшеліктерін түсінуге ықпал ететін Дональд Трамптың  үндеуі контекстінде ілеспе аудармашылар қолданатын стратегияларды ашуда жатыр.

Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы саяси мәтіндермен жұмыс істейтін аудармашыларға нұсқаулық пен практикалық дағдыларды қамтамасыз ету болып табылады, бұл мұндай контексттердегі мәтіндердің аударма сапасы мен барабарлығын арттыруға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-27

Жоба

Раздел

Статьи