ИНТЕРНЕТТЕГІ ГАЗЕТ ДИСКУРСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КЕЙБІР СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҚТАР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.009Кілт сөздер:
интернет газет дискурсы, семантикалық қарама-қарсылық, қағаз тасымалдағыш газет, электронды тасымалдағыш газет, қарама-қарсылық категориясы, дискурс, электронды дискурс, мерзімді баспасөзАннотация
Мақалада интернеттегі газет дискурсының ерекшеліктері қарастырылып, оның қағаз тасымалдағыш газет түрінен айырмашылығы анықталған және интернет-газет дискурсындағы кейбір семантикалық қарама-қарсылықтар қарастырылған. Интернет-газет дискурсынан алынған мысалдар қарастырылған. Семантикалық қарама-қарсылықтарды интернет-газет дискурсынан қарастырып зерттеу үшін алдымен интернет желісіндегі газеттің қағаз газеттен қалай ерекшеленетіні туралы шағын зерттеу жасалып қарастырылған. Осыған байланысты жұмысымыздың мақсаты – интернет-газет дискурсының ерекшеліктерін анықтау. Мақалада зерттеудің мақсат-міндеттеріне сай келесі нәтижелер анықталды:
- Интернет-газет дискурсы мен қағаз газет дискурсы арасында бірқатар ұқсастық бар: белгілі бір аудиторияға бағытталу, адресат пен адресант арасында белгілі бір қашықтықтың болуы, ережелерге бағыну, бағалау функциясының болуы, ақпарат қауіпсіздігінің болуы т.б.
- Қарастырылып отырған екі дискурс арасында бірқатар айырмашылық та бар: цензураның интернет-газет дискурсында кең тарамағандығы, адресат пен адресант арасындағы қашықтықтың әртүрлі болуы, әсер ету ауқымы мен жылдамдығы арасындағы айырмашылық, экспрессивті функцияның екі дискурста әрқилы көрініс табуы т.б.
- Интернет-газет дискурсында көптеп кездесетін семантикалық қарама-қарсылықтар – оқырманға имплицитті түрде әсер ету құралы.
Қағаз тасымалдағыш газет және интернет газет дискурсы ара-жігін ашу үшін салыстырмалы талдау әдісі, мағыналық қарама-қарсылықтарды қарастыру барысында семантикалық талдау, прагматикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеуіміздің ғылыми жаңалығы бұл тақырыптың осы қарастырылып отырған 2012-2022 жж. уақыт аралығы, сонымен қатар семантикалық қарама-қарсылықтар БАҚ тілінде жан-жақты зерттелмеген. Талдау нәтижесінде интернет газет дискурсындағы семантикалық қарама-қарсылықтар сөйлеу тактикасына, белгілі бір жағдаяттан, мәдениеттен туындайтын ситуациялар аумағында жинақталып берілетіні анықталды. Зерттеудің теориялық маңызы – интернет-газет дискурсын жаңа бағыттар аясында зерделеу болса, практикалық маңызы – алынған нәтижелер тіл білімі, стилистика, лексикология сынды университеттік пәндерді оқыту барысында қолданыла алады.