ҰЙҚАС ЖӘНЕ ОЙДЫ ТАҚПАҚТАП БЕЙНЕЛЕУ ТӘСІЛІ

Автор(лар)

  • Жылкыбекулы Б. КазУМО иМЯ им.Абылай хана
  • Даутулы Т.
  • Турсынали Ж.
  • Джельдыбаева Р.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.005

Кілт сөздер:

Өлең, тақпақ, ұйқас, ырғақ, сарынды өлең, дарынды өлең, лирика, ақындық тұлға, ойды бейнелеу тәсілдері

Аннотация

Өлеңтану саласында ұйқастың көркемдік мәні мен ырғақтық міндетін өлең тақырыбынан айқын ажырата алмағандығымыз себепті,  өлеңді тануда  көптеген қателіктер пайда болды. Ырғақ пен ұйқасқа түскен шумақтардың бәрі бірдей дарынды өлең деп есептелді. Сол негізде өлең өнерінің сыртқы құрылымдық жүйесі, атап айтқанда, буын, бунақ, ырғақ, ұйқас сынды өлеңнің сазды сарынын көрнектілендіретін ерекшеліктері баса назарға алынып, оның суреткерлік, образдылық және бүкпелеу сынды ішкі мәндік ерекшеліктері ойдан қағыс қалып отырды. Сөйтіп қазақ өлең өнерінің дамуы мен өркендеуінде сыңар жақтылы көзқарастар қалыптасты. Төрт жолдың басын ұйқастыра салып, бір шумақ өлеңді дүниеге әкелетін ақын болу үдерісі әдеби шығармашылық майданында көптен бері белең ала бастады. Ондай ақындардың шығармашылығына өлеңнің жоғары көркемдік өлшемі деңгейінде баға беріп, сын айту жоқтың қасы болды. Өйткені өлең теориясының зерттеп-зерделеу бағыты тек өлеңнің құрылымдық ерекшелігіне талдау жасаудан ары аса алмады. Тіпті, қара сөзбен жазылған эсселердің өзін прозалық өлең деушілер де күн сайын молыға түсті. Өлең мен қара сөздің ара жігін ажырата алмайтын ой-пікірлер пайда болды. Көркем әдеби шығармашылықтағы поэтикалық ерекшеліктер туралы көзқарас-түсініктер солғындап, өлеңтануда қарабайыр пайымдар орын ала бастады. Ақындық өнер ретінде емес, кәсіп ретінде, өлең жазу жоғары деңгейдегі шығармашылық емес, «өндіріс» сарынында көзге түсіп отырды. Өлеңтану саласындағы осындай олқылықтарды ескере келе, нақтылы мысалдар мен фактілер негізінде өлеңтану саласына тың өзгерістердің керек екенін ортаға қойған бұл ғылыми еңбек тақпақтар мен сарынды өлеңдердің және эсселердің ерекшеліктеріне ырғақтық негізде талдау жүргізіп, оның өлең өнерінде атқаратын рөліне баса назар аударып, ойды тақпақтап жеткізу барысындағы ырғақтың маңыздылығын бұлтартпас дәлел-фактілер арқылы айқындап береді.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-27

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles