ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ НӨЛДІК МОРФЕМАСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Изтаева Ж.Ж. Казахский национальный педагогический унверситет имени Абая
  • Балтабаева Ж.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.007

Кілт сөздер:

тіл, таным, нөлдік форма, нөлдік морфема, нөлдік жұрнақ, етістік, рай, категория

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі етістіктің нөлдік морфемасының функционалды-семантикалық ерекшеліктері когнитивтік аспектіде қарастырылады. Нөлдік формалар грамматикалық мағынаны беруші көрсеткіші жоқ тұлға ретінде есептелгенімен, тіл динамикасында мәдени кодты таныта алатын бірлік ретінде қызмет етеді. Мәдени кодты беруші тілдік бірліктер прагматикасы тұрғысынан да ерекшеленеді.

Зерттеудің мақсаты – нөлдік морфемалардың когнитивті, аксиологиялық және коммуникативті модельдердегі тілдік механизмдерін айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды: біріншіден, нөлдік морфемалардың лексика-грамматикалық табиғатын талдау; екіншіден, олардың сөйлем ішіндегі прагматикалық және функционалды-семантикалық қызметін нақтылау; үшіншіден, нөлдік морфемалардың когнитивтік танымдағы ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында контекстік, семантикалық талдау және когнитивтік модельдеу әдістері қолданылды. Жұмыста бұйрық райдың екінші жақ формаларындағы нөлдік морфемалар нақты тілдік мысалдармен зерделеніп, олардың мағыналық перифериясының контекстік қолданыс нәтижесінде өзгеретіндігі дәлелденді.

Зерттеудің әдіснамалық негізін қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағытындағы лингвистикалық ұстанымдар құрайды. Атап айтқанда, нөлдік морфема құбылысы когнитивтік лингвистика, функционалды-семантикалық грамматика, тілдік прагматика және деривациялық теория аясында талданады.

Зерттеудің нәтижесінде когнитивті аспектіде етістіктің жиі қолданыстағы категорияларындағы нөлдік көрсеткіштердің ерекшеліктері есім сөздердегі нөлдік көрсеткіштермен қатар сұрыпталып, талданды. Нөлдік морфеманың ықшамдау, тілдік үнемдеу принциптерін жүзеге асырып қана қоймай, ой екпіні мен прагматикалық айқындыққа әсер ететіндігі айқындалды. Сондай-ақ, нөлдік морфеманың зат есімдермен салыстырғанда етістіктерде функционалды және семантикалық ерекшеліктері мол екендігі, олардың сөйлеу актілеріндегі мағына кеңеюіне ықпал ететіні анықталды. Жұмыс нәтижелері қазіргі қазақ тілінің морфологиясы мен грамматикасын зерттеуде, когнитивті лингвистика саласында практикалық маңызға ие.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles