ҚАЗІРГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ БАҒЫТТАРЫ

Автор(лар)

  • С.К. Сатенова ЕНУ им. Л.Н. Гуммлева
  • Ж.К. Алшинбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-5959-6887

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.011

Кілт сөздер:

фразеологизм, салғастырмалы фразеология, аударма тану, идиома, жіктелім, фразажасам, ұйытқы сөз, түпдерек

Аннотация

Мақалада фразеологизмдердің отандық және шетел тіл білімінде зерттелуі, жіктелімі, жіктелу негіздері тәрізді мәселелер қарастырылды. Отандық және шетел тіл біліміндегі зерттеулердің бағыттары, олардың ерекшеліктері анықталды. В.В.Виноградовтың славян тілдерінің тілдік бірліктеріне негізделген жіктелімінің герман, роман тілдері фразеологизмдерін зерттеуде алатын орны нақтыланды. Сондай-ақ отандық тіл біліміндегі қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдеріне қатысты салғастырмалы зерттеулер, олардың бағыттары сараланды. Ағылшын фразеологтары зерттеулерінің басым бөлігінің қолданбалы мақсатқа негізделгендігі анықталды. Фразеологизм құрамындағы сыңарлардың  ішінде жиі қайталанып келіп, ұйытқы сөз қызметін атқаратын бірліктердің қызметі, олардың тақырыптық топтың түзілуіне ықпалы сипатталды. Сөздің фразеологизмнің тірек мүшесі ретіндегі қызметі, қолданылу жиілігі немесе оның осы қызметтегі рөлінің шектеулілігі белгілі бір тілдік заңдылыққа байланысты екендігі нақтыланды.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи