ТІЛДІК КОММУНИКАЦИЯ: ҰСТАНЫМДАР МЕН ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР

Автор(лар)

  • Утегулова З. Н.
  • Оразбаева Ф. Ш.
  • Оразалиева Э. Н.
  • Шалкарбек А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.028

Кілт сөздер:

тіл білімі, сөйлеу аппараты, морфема, коммуникативтік бірлік, жағдаят, заңдылықтар, жүйе, ұстаным

Аннотация

Мақалада тілді меңгерудің ұстанымдары мен құзыреттіліктер жүйесін зерделеудің маңызы және коммуникативтік қызметтің тілдің қолданбалы сипатын қалай жүзеге асыратыны туралы сөз қозғалады. Сонымен бірге коммуникация барысында сөздерге қатысты мағыналарды қабылдау, оларды игеру, түсінікке қатысты ойлар мен  когнитивті ерекшеліктерін есепке алу, өз ойларын, пікірлерін әртүрлі өмірлік жағдайларда білдіру дағдыларын қалыптастыру, коммуникативтілікке қатысты міндеттерді шешу, белгілі бір жағдаятқа арналған мақсаттарын іске асыру арқылы тіл заңдары мен нормаларын орынды пайдалану мәселелері талқыланады.

Зерттеудің алға қойған мақсаты – коммуникативтік мақсатты көздейтін ұстанымдар мен  құзыреттіліктерді айқындау және оны қазақ тілін меңгерудегі маңыздылығы.

Зерттеу жұмысымыздың ғылыми маңыздылығы өзгетілді аудиторияда қазақ тілін үйретудің ұстанымдары мен құзыреттіліктерінің сәйкес болуы және қазақ тілін  оқытудың нәтижелі болуына ақпараттық, коммуникативтік проблемаларды шешу және лингвомәденитанымдық құзіреттіліктерді қалыптастыру ерекше ықпал  ететіндігі айқындалып, қазақ тіл біліміндегі когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, коммуникативтік-прагматика бағыттарына өзіндік үлесін қосады. Тілдік құзыреттіліктің ғылыми маңыздылығына келетін болсақ, лингвистика, психология, білім беру және әлеуметтану салаларында тілдің қарым-қатынастағы, мәдени экспрессиядағы және когнитивті дамудағы рөлін зерттейтін көптеген зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулер әртүрлі салалардағы тілдік құзыреттіліктің маңыздылығын көрсетеді және тілді және оның қоғамдағы рөлін түсінуге көмектесті.

Практикалық құндылығы – лингвистикада тілдік қатынас аясында өзара пікір алысудың, ой алмасудың амалдарын функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде ғылыми тұрғыдан қарастыруда маңызы зор. Ол  тілді оқытудың дидактикалық ұстанымдары мен білім алушы игеретін құзыреттіліктер жүйесін зерделеуді қажет етеді.

Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері –  сипаттамалық, жинақтау, топтастыру, тілдік құралдарды қолдану.

Зерттеудің нәтижесінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдарынан туындаған жаңа бағыт болғандықтан өзгетілді аудиторияда қазақ тілін үйретудің ұстанымдары мен құзыреттіліктерінің сәйкес болуы және қазақ тілін  оқытудың нәтижелі болуына ақпараттық, коммуникативтік проблемаларды шешу және лингвомәденитанымдық құзіреттіліктерді қалыптастыру ерекше ықпал  ететіндігі айқындалды. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы тіл үйренушілердің коммуникативтік құзіреттіліктерді меңгеруі үшін тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім әрекеттері кешенді түрде қамтылуы тілді деңгейлеп оқытудың сапасын әлемдік деңгейге сай болып, тілді үйренуді жеңілдетеді. Сондықтан тілді меңгерудің ұстанымдары мен құзыреттіліктер жүйесін зерделеуде осы процестердің маңызы зор.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-04-04

Жоба

Раздел

Статьи