ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ МҰРАЛАРЫНЫҢ АУДАРЫЛУ ЖАЙЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.024Кілт сөздер:
классикалық әдебиет, өркениет, императив, рухани кеңістік, аударма, мәдени мұра, тарихи-типологиялық ұқсастық, сөз өнеріАннотация
Әлем әдебиеті – сан-салалы, үнемі жаңарып, толығып отыратын процесс. Мақалада тәуелсіз еліміздегі әлем әдебиеті мұраларының аударылуы, жарық көріп, жариялануы, насихатталуы сынды мәселелер сөз болады. Басты мақсат – рецепиенттің бойында адамгершілік, имандылық сынды ізгі қасиеттерді қалыптастырып, қоғамдық санаға, ойлау жүйесіне әсер ететін сөз өнері мұраларының ана тілімізге аударылу тиімділігін негіздеу. Өйткені, өркениет кеңістігінде дәлелденген дүние – адам жанын ізгілендіретін – сөз өнері туындылары екендігі. Авторлар әлем әдебиетін рухани құндылық ретінде тани отырып, оның елімізде аударылу тарихына жүйелі тоқталуды басты бағыт етіп алады. Жалпыадамзаттық құндылық мәселесін көтерген туындыларын ана тілімізге аудару қажеттілік, жаһандану заманының талабы екенін алға тартады. Көркем аударма – әдеби байланысты нығайтады деген идеяны негіздейді. Коммуникативті кқарым-қатынас негізінде ұлт әдебиеті әлем әдебиетімен байланысқа түсетіні ақиқат.
Зерттеуде әлем әдебиетінің қазақ жұртшылығына танылып, игерілу, аударылу мәселесі хронологиялық ретпен, жүйелі түрде берілуі жұмыстың ғылыми, практикалық құндылығын арттыра түседі. Және осы игілікті жұмысты атқаруға күш салып жатқан баспа, мерзімді баспасөз, жоба, аударма сынды салалардың тиімділігі мен қажеттілігіне жеке-жеке мән берілген. Түсіндіру, сипаттау, талдау әдістерін қолдана отырып, авторлар әлем әдебиетін ана тілімізде игерілудің маңыздылығы тәуелсіз Жаңа Қазақстанның ғылыми және жалпы әлеуметтік қажеттігінде екенін дәлелдеген.
Авторлар әлем әдебиеті деп аталатын үлкен дүниенің бір бөлшегі болып саналатын қазақ әдебиетінің одан жеке дара, бөлек, өз бетінше дами алмайтынын ескере отырып, рухани алмасудың қажеттілігін көрсетеді. Нәтижесінде нағыз классикалық туындыларды оқу, талдау, игеру, түрлі ұлттың менталитетін білу арқылы жас ұрпақтың дүниетанымы, қалыптасатындығын, білім көкжиегі кеңейетінін авторлар мысалдар келтіре отырып саралайды. Соның ішінде көркем аударма мәселесіне ерекше ден қойып, оның қиындықтарын, аударылған көркем шығармалардың сапасы мен маңызына тоқталуы зерттеудің құндылығын танытады.