С.КИНГТІҢ "ЖАСЫЛ МИЛЬ" РОМАНЫНДАҒЫ СЛЕНГТІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНЕ АУДАРУ КЕЗІНДЕГІ БАЛАМАЛЫЛЫҚҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.021Кілт сөздер:
баламалылық, Стивен Кинг, көркем аударма, сленг, коммуникация мақсаты, көркемдік құралдар, жағдайды сипаттау, прагматикалық әлеуетАннотация
Көркем шығармаларды аудару мәселесі ұзақ жылдар бойы аудармашылар мен тіл мамандарының қызығушылығын тудырып келеді. Тілдің лексикалық құрамы үнемі өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі заманғы лексиканың, соның ішінде көркем әдебиетте жаңа сөздердің пайда болуы олардың аудармасында белгілі бір қиындықтар тудырады. Сленгті аудару – қазіргі транслятологиядағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осы мақалада Стивен Кингтің «Жасыл Миль» шығармасында пайдаланылатын ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріндегі сленг сөздерінің аудармалары қаралады.
Мақаланың мақсаты – көркем әдебиеттегі сленгті аудару кезінде баламалылыққа қол жеткізу тәсілдерін зерттеу. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы сленг аудару мәселелерiн жеткiлiксiз зерттеумен байланысты. Салыстырмалы-салғастырмалы талдаудың негізіне көрнекті аударматанушы В.Н.Комиссаровтың бес деңгейлі баламалылық теориясы алынды. Отандық және шетелдік ғалымдардың аударма саласындағы еңбектері негізінде жүргізілген сленг аудармаларын салыстырмалы талдау көркем аударманың теориясын, сапасын және сын-сипатын дамытуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы - зерттеу нәтижелерін аударма ісі тәжірибесінде, соның ішінде көркем әдебиет пен фильмдерді ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне аудару кезінде пайдалану мүмкіндігі. Зерттеу нәтижесінде түпнұсқадағы сленг бірліктерін орыс және қазақ тілдеріне аудару барысында аудармашы тек аударма теориясы мен тілдерді терең меңгерген маман болуы ғана емес, сондай-ақ түпнұсқа мәтіннің прагматикалық әлеуетін барынша дәл жеткізе білуі тиіс деген тұжырым жасалды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу көбінесе коммуникация мақсатына сай келетін бесінші деңгейдегі баламалылықты қамтамасыз ету арқылы мүмкін болды. Жұмыстың тәжірибелік маңызы студенттерге, магистранттарға және докторанттарға олардың ғылыми зерттеулерінде едәуір пайдалы болады.