КӘСІБИ ДИСКУРС АЯСЫНДАҒЫ СӨЗ ӘРЕКЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.018Кілт сөздер:
когнитивтік лингвистика, кәсіби дискурс, лингвокогнитивтік зерттеулер, кәсіби қарым-қатынас, фрейм, менталдық кеңістік, мәнмәтін, танымАннотация
Қазіргі таңда кәсіби іс-әрекет адам өмірінің негізгі бір бөлігі болып табылады. Кәсіби іс-әрекеттің күрделілігі мен көп қырлы сипаты сөз қатысымының айтарлықтай өзгермелілігіне алып келеді, себебі қазіргі таңда бұл сала үнемі даму үстінде. Мақаланың басты мақсаты - кәсіби дискурс аясындағы сөз әрекетінің аспектілерін зерттеу арқылы кәсіби дискурс трансформациясының тенденцияларын анықтау болып табылады.
Кәсіби іс-әрекет барысындағы қатысым жалпы сөз әрекетінің маңызды бөлігін құрайды, сондықтан да кәсіби іс-әрекеттегі дискурстың сөз ерекшеліктерін зерттеу ғылыми және практикалық маңызға ие.
Қазіргі тіл білімінде кәсіби дискурсты зерттеудің басты бағыттарына кәсіби тілдердің сипаты, олардың қолданылу аясы, мәтіннің лингвистикалық, когнитивтік ерекшеліктері жатады. Кәсіби қарым-қатынас тілдерін зерттеу барысында кәсіби дискурстың негізгі мақсаттарының жүзеге асуы кәсіби қарым-қатынастағы сөз әрекетінің құрылу ерекшеліктеріне, танымдық сипатына байланысты болатыны анықталады.
Мақалада кәсіби дискурсқа когнитивтік лингвистика әдіснамасы тұрғысынан зерттеу жасалады. Дискурсты лингвокогнитивтік тұрғыдан қарастыру арқылы мәнмәтін мен алғышарт қамтылған сөз әрекетінің когнитивтік қабатын анықтау, талдау жасалады. Когнитивтік-дискурсивтік талдау сөз әрекетінің мән-жайларын талдауды қамтиды, себебі контекстік орта лингвистикалық құралдарды таңдауға әсер етеді.
Қазіргі лингвистикада кәсіби қарым-қатынастың негізгі ұғымдарын, фреймдік құрылымын, концепт саласын, менталдық құрылымын, әлемнің кәсіби бейнесін зерттеуге маңызды орын беріледі. Мақалада кәсіби қарым-қатынастың негізгі ұғымдарын және олардың фреймдік құрылымын анықтау мен талдау, кәсіби менталдық кеңістікті зерттеу жасалады. Кәсіби қарым-қатынасты іске асыру сөз серіктестерінің кәсіби қатысымға өзара бейімделуін қажет етеді, сонымен қатар тілдік құралдарын барабар таңдау және оларды дұрыс қолдана алу қажет, тек осындай жағдайда ғана тілдік қатысым өз мақсаттарын, міндеттерін толық түрде жүзеге асыра алады.
Мақаладағы зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы - кәсіби қарым-қатынастың дискурсивті аспектілерін қарастыру арқылы кәсіби қатысымға әсер ететін және оның ағымын анықтайтын факторлар сипатталады, кәсіби дискурс аясындағы қатысымды оңтайлы құрылымдау мүмкіндіктері айқындалады.
Кәсіби дискурстың қалыптасуы мен дамуына байланысты теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу кәсіби қатысым мәселелерін шешу үшін өзекті, әрі маңызды болып табылады. Яғни, кәсіби сөз әрекетін және оның ерекшеліктерін лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу арқылы дискурс теориясын жаңа қырынан зерттеу, сонымен қатар заманауи өзгерістерге орай кәсіби қатысым үрдісіндегі сөз ерекшеліктерін анықтау жүзеге асады.