ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН, ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫНАЙЫ СӨЙЛЕУ ЕТІСТІКТЕРІ ПЕРФОРМАТИВТІК КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ РЕПРЕЗЕНТТАРЫ РЕТІНДЕ

Автор(лар)

  • Кущегалинова А.К. университет Нархоз
  • Исмагулова Б.Х.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.009

Кілт сөздер:

сөйлеу акті, перформативтік, шынайы сөйлеу етістіктері, перформатив қызметі, иллокутивті акт, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі

Аннотация

Бұл мақалада көптеген тілдерге тән, әмбебап перформативтік лингвистика категориясы, оның басты белгісі ретінде перформатив қызметі, орындалу жағдайы және перформативтік категориясының репрезенттары ретінде қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сөйлеу етістіктері қарастырылады.

Перформативтік категориясы сөйлеу іс-әрекетіне қатысты болғандықтан семантика- синтаксистік, прагматикалық категория болып табылады, арнайы мәнмәтін мен белгілі грамматикалық формаларды қажет етеді. Талдауға алынған тілдердің бәріне ортақ, әмбебап болғанымен, перформативтік категориясы әр тілде өзіне ғана тән белгілермен ерекшеленеді. Қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі перформативтік категориясы және оның репрезенттары  - шынайы сөйлеу етістіктердің – ортақ және ерекше көріністерін зерделеу осы зерттеудің нысаны болып, оның өзектілігі мен ғылыми жаңалығын құрайды.      

Зерттеу барысында мақсат пен міндеттерге сай дескриптивті, салғастырма әмбебап зерттеу әдістерімен қатар арнайы зерттеу әдістері: компоненттік талдау, алғаш рет А. Вежбицкая ұсынған прагматикалық мағынаны семантикалық примитивтерге бөлшектеу, айтылымдарды перформативтікке тексеру (Дж. Остин, З. Вендлер, Ю.Д. Апресян) - де қолданылды. Нәтижесінде адресант пен адресат арасындағы сөйлеу іс-әрекеттері қай тілде - қазақ, ағылшын, орыс тілінде - болса да, перформативтік категориясының туындайтын жағдайы, қолданылатын тілдік бірліктер мен олардың формалары анықталды. 

XIX-XX ғғ. қазақ, ағылшын, орыс әдебиеті классикалық көркем шығармаларының үзінділері, сөздіктер, соның ішінде Орыс тілінің ұлттық қоры, Қазақ тілінің алматылық қоры материалдарын зерделей келе, перформативтік өзегін  семантикасында ‘өз дауысы арқылы мәлімдеу’ семаға ие шынайы сөйлеу етістіктері құрайтыны анықталды. Көпмағыналы говорить орыс етістігінің құрамындағы аталмыш семамен бірге  қазақ тілінде ‘деу’, ‘айту/сөйлеу’, ‘сөйлесу’ семалар әрқайсысы жеке сөз – айту, деу, сөйлеу, ал ағылшын тілінде  to say, to tell, to speak, to talk шынайы сөйлеу етістіктеріне айналады. Осы айырмашылық қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде перформативтік категориясының репрезентациялық ерекшеліктерін туындатады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы – оның нәтижелерін қазіргі таңда көкейкестілігі анық дискурс пен сөйлеу актілер, олардың иллокуциялық сипаттамасын зерттеу, яғни жоғары оқу орындарында бакалавр және одан жоғары дәрежелі тіл мамандарын, филологтар, аудармашыларды дайындауда барысында қолдану мүмкіндіктерінде.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-09-26

Жоба

Раздел

Статьи