ҰЛТТЫҚ ТІЛДІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Тайжанов У.О. Казахский национальный педагогический университет имени Абая
  • Ильясова Н.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.017

Кілт сөздер:

Аксиологиялық лингвистика, лингвистикалық тұлға, сөйлеу иллокуциялары, құндылықтық мағыналар, құндылықтық мағына, құзыреттілік, құндылық, баға, ұлттық тіл, этномәдени этюд

Аннотация

Аталған мақаланың мақсаты – лингвомәдениеттегі ұлттық тілдің аксиологиялық ерекшеліктерін ашу, әлеуметтік топтағы (1-4 курс студенттері) «құндылық» және «бағалау» ұғымына байланысты әртүрлі анықтамалар бойынша зерттеулер жүргізу.

Зерттеудің міндеті – тілдің аксиологиялық ерекшеліктерін лингвистикалық механизмдері арқылы қалыптасуын көрсету болып табылады. Олар тілдің құндылықтық сипаттамаларын құрылымдайтын операционалдық механизмдер болғандықтан, конвергенция мен дивергенция механизмдерін де қатар қарастырылады. Құндылық мәндерінің субъектіаралық тәжірибелері арқылы симметрия мен ассиметрия механизмдері негізделеді. Аталған механизмдер арқылы құндылықтардың тілдік жүйесінде аксиологемалар мен аксиологиялық мағыналар тұрғысынан жіктелу нүктесі көрсетіледі.

Зерттеудің барысында аталған ұғымның танымдағы бағыты мен орнын айқындауда үздіксіз іріктеу және ассоциативті тәжірибе әдістері қолданылды. Қорытындылар тілдік тұлғаны қалыптастыру мақсатын құрайтын бірқатар құзыреттіліктерді жалпылауға негізделді. Ол үшін бес құзыретттілік қарастырылып, жіктелді.

Зерттеудің ғылыми маңыздылығына – этномәдени құндылықтардың аспектілерін этномәдени этюдтегі мәдени құндылық мәндерінің дәрежесі, аксиологиялық мәндердің орны және бағалау сияқты критериилер арқылы талдау жатады

Зерттеудің  нәтижесі тілдің аксиологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын көрсететін модель ұсынылады. Модельде құндылық пен бағалауды байланыстыратын механизмдер көрсетіледі. Аталған модельді құндылықтарды лингвоаксиологиялық талдаудың үлгісі ретінде пайдалануға да болады.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы тілдің құрамдас бөліктері мен сөйленімдердегі аксиологияның терминдерін зерттеу арқылы мүлде жаңа перспективалар мен теорияны жаңаша мазмұнмен және қорытынды проблематикамен жабдықтауға болатындығында. Сонымен қатар, бұл зерттеуімізді оқу орындарында қосымша оқу материалдары ретінде «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» циклы бойынша «Аксиологиялық лингвистика» курсында пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles