ГИДРОНИМДЕРДІҢ МИФТІК МАЗМҰНЫ

Автор(лар)

  • Садирова К.К. ARU named after K.Zubanov
  • Жазыкова Р.Б.
  • Хусаинова Л.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.014

Кілт сөздер:

гидроним, дискурс, ономастикалық дискурс, миф, су культі, танымдық құрылым, мифтік білім, этимология

Аннотация

Мақалада авторлар ономастикалық дискурстағы гидронимдер мазмұнындағы мифтік ақпаратқа талдау жасайды. Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі гидронимдер мазмұнындағы мифтік ақпараттарды анықтау, олардың өзге ономастикалық атаулармен сабақтастығын айқындау.

Мақаланың ғылыми маңыздылығы гидронимдердің дискурстық және мифологиялық аспектіде зерделеніп, олардың құрамындағы сөздердің магиялық сипаты («ақ» және «қара» сөздері) анықталып, жалпытүркілік мифтердегі «Жер-Су», су иесі Ұмай ана, Сүткөл, көл иесі – Көк бұқа түсініктерінің саралануымен, аталған гидронимдердің мағынасында сақталған мифтік білімнің жүйеленуімен анықталады. Практикалық маңыздылығы гидронимдердің мифтік мазмұнын талдау үлгісінің берілуімен түсіндіріледі.

Зерттеу барысында дискурс талдау, сөз мағынасын және этимологиясын талдау әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері: Түркілік «Бес енені» құрайтын Ұмай ана, Май ана, От ене, Ұмайық және Бай әже атауларының шығу төркіндерінің түбірлес ортақ бір тұлғаның Ұмай/ Ұмайық/Май/Бай/От ене/ әртүрлі дыбыстық өзгеріске түскен нұсқалары екені дәйектеліп, олардың семантикалық өрістері мен қолданылу шеңберінің кеңейгені нақты тілдік деректер негізінде көрсетілген. Бұған қосымша Арыс, Ақсу, Қарасу, Қатынсу, т.с.с. гидронимдеріне қатысты мифтік мәтіндер мен осы атаулардың этимологиясы зерделенген.

Зерттеудің ғылыми құндылығы: 10 гидронимнің мазмұнына талдау жасай келе олардың мағынасында сақталған мифтік білімді жүйелеген: су – үш әлемге де байланысты: су – құдай (Ұмай тауда өмір сүреді // Аспан әлемі), су – екі әлемді (тірі мен өлі) байланыстырушы не екі әлемнің шекарасы: жаңа өмірге келген нәрестені қырық күннен соң, қырық қасық суға шомылдырып, адалдап, адам санатына қосады, өлген мүрдені соңғы сапарға аттандырғанда сумен жуындырады. «Өлу – су – қайта тірілу» мифтік білімі мазмұндалады. Жұмыс қорытындысын ономастика, мифология бағытындағы зерттеулерге практикалық мақсатта қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-06-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles