М. ӘУЕЗОВ ПЕН Д. РАДЖАБИ ШЫҒАРМАЛАРЫ: ӘДЕБИ БАЙЛАНЫС, ЖАЛПЫ МӘДЕНИ МҰРА
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.027Кілт сөздер:
Мұхтар Әуезов, тәжік әдебиеті, проза, Тәжікстан, шығармашылық, әдебиет, тарих, мәдени мұраАннотация
Мақалада Мұхтар Әуезов пен Доджон Раджабидің шығармаларында қамтылған әдеби байланыстар мен жалпы мәдени мұра қарастырылады. Олардың еңбектерінде көрініс тапқан тақырыптарға ерекше назар аударылады. Екі автор да халық тарихындағы қайғылы оқиғаларға, соның ішінде 30-50 жылдардағы қуғын-сүргінге ілінген, қайраткерлердің психологиялық қысымы мен азабына тоқталады. Зерттеуіміз Әуезов пен Раджабидің шығармашылығының өзара әрекеттесуін, оларды қандай ортақ тақырыптар мен мотивтер біріктіретінін және олардың өз халықтарының мәдени және әдеби дәстүрлерін сақтауға және дамытуға қалай ықпал ететінін талдайды.
Зерттеудің өзектілігі – ХХ ғасырдың аяғындағы Раджаби бет алысы 1937 жылы Тәжікстандағы қуғын-сүргінді терең зерттеуге және көркем түрде түсінуге алғашқы әрекет болды, осылайша тәжік әдебиетіне айтарлықтай үлес қосты. Әуезов пен Раджабидің шығармалары мәдени және тарихи мұралардың ортақ ерекшеліктерін бейнелейді, бұл олардың аймақ әдебиеті контекстінде маңыздылығын көруге мүмкіндік береді. Додожон Раджаби 30-шы жылдары жарияланған жүздеген мұрағат материалы мен мақалаларды, қудалау мен азаптау кешкен куәгерлер мен әдебиетшілердің, туыстарының әңгімелерін тыңдай, зерттей жүріп, оқиғаларды терең әрі шынайы жеткізе алғандығы жөнінен деректер келтірдік, жазушы замандастары шығармашылығына байланысты мәселелер де бой көтерді, оларға шолу жасалды.
Зерттеудің мақсаты – Әуезов пен Раджаби шығармашылығындағы әдеби байланыстар мен жалпы тақырыптарды анықтау және талдау, олардың мәдени мұраны сақтауға және маңызды, мәнді тақырыптарды түсінуге қосқан үлестеріне баса назар аудару. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы Орта Азия әдебиетіндегі рухани түсініктерді кеңейту, жалпы мотивтер мен тақырыптарды ашу, сондай-ақ тарихи оқиғалардың әдеби шығармашылыққа әсерін түсінуді тереңдете қарастыруда болып отыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада: нәтижелер аймақ әдебиетіндегі мәдени байланыстар мен тарихи жадыны одан әрі зерттеу үшін, сондай-ақ Әуезов пен Раджаби шығармаларын оқытуда пайдаланылуы мүмкін.
Мақалада тақырыпты ашу үшін жалпылау, сипаттау, жүйелеу және әңгімелеу, шолу әдістері қолданылады. Зерттеу шығармашылықтың объективі арқылы тарихи оқиғаларға қайта оралудың маңыздылығын көрсетеді, Орта Азия халықтарының мәдени мұрасын тереңірек түсінуге ықпал етеді.