Д. ГЛУХОВСКИЙДІҢ "МЕТРО" ЖӘНЕ "ПОСТ" ДИСТОПИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ "БОСТАНДЫҚ" КОНЦЕПТІ

Автор(лар)

  • Баймусина З. Б. Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • Розиева Д.С.
  • Жапарқұлова К.Ж.
  • Хошаева Г.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.028

Кілт сөздер:

дистопия, орыс дистопиясы, Бостандық концепті, Глуховский, тоталитарлық режим, қоғам, сөз еркіндігі, диктатура

Аннотация

Мақалада орыс жазушысы Д. Глуховскийдің антиутопиялық шығармаларындағы "бостандық" концепті талданады. Әр түрлі антиутопиялық мәтіндерге сілтеме жасай отырып, автор жазушылардың осы жанрды қазіргі қоғамның мәселелерін әшкерелеу және бостандық пен жеке құқыққа төнетін қауіптерді анықтау үшін қалай қолданатынын зерттейді. Жұмыстың мақсаты – Д.Глуховскийдің "Метро" және "Пост" антиутопиялық шығармаларындағы "бостандық" концептін талдау. Себебі бостандық тақырыбы антиутопиялық шығармалардағы басты тақырыптардың бірі болып табылады. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары мен идеялары автордың антиутопиялық шығармаларындағы "бостандық" концептісіне бағытталған. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы – дәл қазір Ресейде болып жатқан тарихи оқиғалардың аясында ресейлік антиутопия өзекті болып отыр. Мақалада салыстырмалы-тарихи және лингвистикалық талдау әдістері қолданылады. Жұмыстың негізгі нәтижелері антиутопиялық зерттеулердегі "бостандық" концептісін зерттеудің маңыздылығын көрсетеді, өйткені қоғамда бостандық пен бостандық құқығы маңызды. Өзі үшін шешім қабылдау құқығынан айырылған адам өмірінен айырылады. Қазіргі Ресейдің жағдайы және адам құқықтары да Д.Глуховский үшін басты тақырып болып табылады. Антиутопияны зерттеу саласындағы зерттеудің мәні мынада: Д. Глуховскийдің жұмысын қазір уақытында талдау маңызды, өйткені автоды Ресейде иноагент қатарына кіргізген. Жұмыстың практикалық мәні материалды басқа зерттеулер үшін қолдануға болады. Антиутопиялық шығармаларда бостандық концепті әрқашан тоталитарлық билікке қарсы тұрады. Бұл сөз бостандығы, іс-әрекет бостандығы, таңдау еркіндігі, қозғалыс еркіндігі, сөз бостандығы және ең бастысы – ойлау еркіндігі. Классикалық антиутопиялық жазушыларға сүйене отырып, Д.Глуховский тоталитарлық режимдегі адамның бостандығына назар аударады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles