«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ» КОНЦЕПТІСІНІҢ КОГНИТИВТІК МОДЕЛІ (Ш. МҰРТАЗА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.009Кілт сөздер:
концепт, когнитивтік модель, қазақ халқы, ұлт, фрейм, лексикалық бірлік, когнитивті лингвистика, ұлттық таным, концепт типіАннотация
Кез келген халықтың ішкі рухани әлемі мен ұлттық ерекшелігі оның тілдік сипатында көрініс табады. Демек ұлттық сипатты білдіретін ұғымдарды зерттеу арқылы сол халықтың тарихы мен дүниетанымын, мәдениетін танимыз. Қазақ халқы концептісін зерттеу барысында ұлтымыздың психологиялық ерекшелігін көрсететін, халқымызға тән дүниетанымдық көзқарастар мен ұстанымдар тізбегін және концепттің когнитивтік моделін анықтау мақсаты қойылды. Назарға алынған қазақ халқы концептісінің мән-мазмұнын ашу үшін когнитивтік бағытта ұлттың түп санасындағы танымы мен этностық айшықтарынан хабар беретін, менталитеті мен мәдениетінен сыр шертетін мазмұнды ұғымдары бар шығармалардың мәтінін талдау жұмысы жүргізілді. Дәлірек айтқанда, зерттеу жұмысының негізгі идеясына сай қазақ халқы концептісінің когнитивтік моделі жазушы Шерхан Мұртазаның шығармашылығы негізінде анықталды.
Зерттеу барысында нақты мысалдарға жүгіну міндеті қойылып, мәтін тармақтарын іріктеу, лексикалық талдау, жинақтау, түсіндіру әдістері қолданылды. Зерттеу нысанына айналған концепт қаламгер шығармасында түрлі типті формада көрініс тапты. Сондықтан ұғым мәнін ашатын стереотиптік, ассоциативтік, семантикалық таңбалар мен символдар мәтін ішінен іріктеліп, өзара ұқсастықтары мен артқан мағыналық-мазмұндық сипатында талданды.
Қазақ халқына тән мінез-құлық, салт-сана, дүниетанымдық көзқарас, этностық ерекшеліктер, тіпті ұлтқа тән дәстүрлі әдет-ғұрып, келбет, тарих, қазақ танымындағы өмір туралы түсінік – барлығы бір ғана қазақ халқы концептісінде көрініс табады. Зерттеу жұмысында санада бейнеленген ой суреттерді көркем шығарманың әр тармағынан жүйелі іріктеп алу, оның формасын табу, талдау үдерістері жүргізілді. Бұл негізгі нәтижені, яғни қазақ халқы концептісінің когнитивтік моделін нақты мысалдар негізінде тану мүмкіндігін айқындады. Зерттеу жұмысының қорытындысында Шерхан Мұртаза шығармасының мәтіні негізінде қазақ халқы концептісінің когнитивтік моделі анықталды және оның атқаратын қызметі талданды. Қазақы танымды білдіретін мәтін тармақтары таңбалық, семантикалық сипатта сараланды. Зерттеу барысында жүргізілген практикалық талдау – жұмыстың тіл білімі саласындағы құндылығын айқындады.
Зерттеу жұмысының қорытындысы, яғни қазақ халқы концептісінің когнитивтік моделін көркем шығарманың тілдік бірліктері негізінде анықтау, автордың астарлы ой суреттерінің және қазақы көзқарасының, дүниетанымдық ұстанымының мәтін ішінде берілген ұғымдық сипатын түсіндіру, мысалдарды іріктеп алу, талдау, мазмұндық, ұғымдық ерекшеліктерін ашу – оның ғылыми және практикалық маңызын нақтылады.