АМЕРИКАНДЫҚ ТОК-ШОУЛАРДЫҢ ДИСКУРСЫНДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ХЕДЖДЕР

Автор(лар)

  • Камешева Ю.О. НАО "Павлодарский педагогический университет имени А. Маргулана"
  • Жумабекова Б.К.
  • Мекежанова А.Б.
  • Оспанова Ж.З.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.009

Кілт сөздер:

лексикалық хедждер, хедждеу, дискурс, ток-шоу, медиадискурс, коммуникация, сыпайылық, сөйлеу стратегиялары

Аннотация

Мақалада “Jimmy Kimmel Live!” сияқты америкалық ток-шоулардың дискурсында қолданылатын лексикалық хедждер талданады. Лексикалық хедждер – сөйлеу стратегияларының маңызды компоненттері, олар пікірлердің категориялылығын жұмсартып, сыпайылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Зерттеуде ток-шоу эпизодтарының сценарийлері талданып, негізгі лексикалық хедждердің түрлері мен олардың функциялары анықталып, коммуникацияның тиімділігі мен сәттілігіне әсері зерттелген. Америкалық ток-шоуларда қолданылатын лексикалық хедждердің коммуникативті-прагматикалық ерекшеліктеріне талдау жасалды.

Зерттеудің мақсаты – лексикалық хедждердің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ олардың пікірлердің категориялылығын жұмсартып, позитивті сыпайылықты жүзеге асырудағы рөлін зерттеу. Жұмыстың негізгі идеялары ток-шоулардың динамикалық дискурсында хедждерді тиімді коммуникацияға жету үшін қолдану механизмдерін зерттеуге бағытталған.

Ғылыми және практикалық маңыздылығы – бұл зерттеу лингвистикалық прагматика саласындағы теориялық базаны толықтырып, ток-шоулардағы сөйлеу стратегиялары туралы жаңа мәліметтер береді. Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін шет тілдерін оқытуда, оқыту әдістемелері мен аударма әзірлеуде қолдану мүмкіндігінде.

Зерттеу әдістемесі лингвистикалық сипаттау, жасырын бақылау және контекстуалды талдауды қамтиды, бұл лексикалық хедждерді анықтауға және жіктеуге мүмкіндік берді. Сапалық және сандық әдістерді біріктірген тәсіл материалды жан-жақты талдауды қамтамасыз етті.

Зерттеу нәтижелері ток-шоулар дискурсында ең жиі кездесетін лексикалық хедждерге “you know”, “kind of”, “well”, “I mean”, “just”, “like” және басқаларын жатқызуға болатынын көрсетті. Бұл элементтер пікірлерді жұмсарту, позитивті сыпайылықты сақтау және пікірлердің категориялылығын азайту функцияларын орындайды. Талдау хедждердің ток-шоу жүргізушілері мен қонақтары тарапынан стратегиялық қолданылуын анықтап, бұл достық және еркін атмосфераны қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетті.

Зерттеудің құндылығы – америкалық ток-шоулар дискурсында қолданылатын коммуникативтік стратегияларды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер спонтанды сөйлеудегі өзара әрекеттестік туралы білімді кеңейтіп, лингвистикалық хедждеу зерттеулерін дамытуға үлес қосады.

Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін сөйлеуде хедждерді стратегиялық қолдануды үйретуге бағытталған оқу материалдарын әзірлеу үшін, сондай-ақ медиадискурсты талдау үшін қолдану мүмкіндігінде. Зерттеу нәтижелері тіл стратегиялары мен ток-шоулар дискурсында коммуникацияны зерттеуге қызығушылық танытқан лингвистерге, филологтарға, аудармашылар мен шет тілдері оқытушыларына пайдалы болуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles