ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ДҮНИЕТАНЫМДАҒЫ ҚУАНЫШ ПЕН ҚАЙҒЫ

Автор(лар)

  • Муталип А. А. КазНУ им. аль-Фараби
  • Балхимбекова П.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.018

Кілт сөздер:

қуаныш, қайғы, эмоция, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, лингвомәдениеттану, тілдік дүниетаным, мәдениет

Аннотация

Бұл мақалада орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық ерекшеліктері мен олардың тіл үйренудегі күрделілігі қарастырылады. Зерттеу лингвомәдениеттану және когнитология салаларына сүйене отырып, эмоциялардың тіл мен мәдениет арқылы қалай құрылатынын және жеткізілетінін көрсетеді. «Қуаныш» пен «қайғы» сезімдерінің екі тілдегі көрінісі арқылы зерттеу эмоцияларды тілдік тұрғыдан қабылдаудың мәдениаралық қырын ұсынады.

Зерттеу когнитивті фразеология аясында жүргізіледі – бұл тілдік бірліктер мен танымдық құрылымдар арасындағы байланысты зерттейтін қазіргі лингвистикалық бағыт. Мақал-мәтелдер мен идиомалар халықтың тарихи және мәдени дамуын көрсетіп, ұлттық көзқарастарды, стереотиптер мен идеалдарды сақтайды. Бұл тұрақты тіркестер тіл иелерінің дүниетанымы мен мәдени тәжірибесі жайлы маңызды ақпарат береді.

Зерттеудің басты мақсаты – «қуаныш» пен «қайғы» ұғымдарының орыс және ағылшын тілдерінде сөздер, метафоралар, идиомалар мен мақал-мәтелдер арқылы қалай бейнеленетінін анықтау. Салыстырмалы-талдамалы әдіс екі тілдегі эмоциялық лексиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашуға мүмкіндік береді.

Теориялық жағынан бұл зерттеу эмоциялардың мәдениаралық концептуализациясын түсінуді тереңдете отырып, лингвомәдениеттану мен когнитивтік лингвистика салаларына үлес қосады. Практикалық тұрғыдан шет тілдерін оқытуда, аударма ісінде және мәдениетаралық қарым-қатынаста маңызды. Мәдени контексті ескере отырып, зерттеу эмоцияларды түрлі тілдер мен мәдениеттерде қалайша әртүрлі жеткізетінін көрсетеді және түсіністікті арттырады.

Осылайша, зерттеу тіл, ой және эмоция арасындағы күрделі өзара байланысты түсінуге көмектесетін құрал ретінде қызмет етеді.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles