АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КОНТЕНТІН ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ТІЛДІК МОДЕЛЬДЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.022Кілт сөздер:
академиялық жазылым, электронды контент, лигвистикалық модель, функционалдық модель, құрылымдық модель, желі конструкторыАннотация
Мақалада академиялық жазылым қамтитын жазу түрлеріне жататын эссе, ғылыми зерттеу жұмысы, ғылыми жоба, стартап жоба, әлеуметтік, ғылыми баяндама, дипломдық жұмыс, ғылыми мақаланың жазылуына қойылатын талптарды, олардың жазылу жолдарын үйретуді, әдіс-тәсілдерін көрсетуді басшылыққа ала отырып құрастырылып, даярланған шаблондарды желі мүмкіндіктерін пайлана отырып көпшілікке ұсыну мақсатында қолданысқа ие бола алатын тілдік модельдерді саралау жолдары баяндалады. Академиялық жазылым бойынша электронды котент жасау қазіргі заман талабынан туындап отырған шара екендігі ескеріле келе, электронды контент жасаудың мақсат - міндеттері сипатталып, модельдердің түрлеріне аналитикалық талдау жасалып, «Модель» ұғымына анықтама берділеді. Тілдік модельдерге түріне, категориясына, кластарына қарай классификация жасалып, модельдердің мақсатына қарай ғылыми танылымда қолданылатын, білімде қолданылатын, жүйелер жасауда қолданылатын және жүйелерді басқару барысында қолданылатын модельдер түрлері бойынша сараланды. Келесі кезекте уақытқа байланысты модельдердің түрлеріне структуралық модельдер, динамикалық, функционалдық модельдер жатқызылса, тілдік модельдердің келесі түрі схемалық модельдер, метафорикалық модельдер, метономиялық модельдер түріне жіктеліп, оларға сипаттама беріледі. Сонымен қоса сәйкестік принципі бойынша модельдің шешілетін мәселе талаптарына сай келуі, құрастырылған модель жүйесінің маңызды қасиеттерін сақтай отырып жеңілдету принципі, сияқты тілдік шаблондар құру барысында сақталуы тиіс принциптер қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде функционалдық модельдердің жазылым түрлерінің шаблондарын жасау үшін тиімді екендігі анықталып, олардың аналитикалық және синтетикалық түрлеріне анықтама беріліп, артықшылықтары мен кемшіліктері сараланды.