REVENGE КОНЦЕПТІ ПРОПОЗИЦИЯ-ФРЕЙМ-СЦЕНАРИЙ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕСУІ РЕТІНДЕ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.017Кілт сөздер:
пропозиция, фрейм, сценарий, жалпы, ерекше, жекеше, мәңгілік сюжет, когнитивті әдебиеттануАннотация
Мақалада REVENGE концепті – кек алу туралы мәңгілік сюжеттің орталық элементі – философиялық «жалпы – ерекше – жекеше» категорияларының өзара байланысы тұрғысынан пропозиция, фрейм және сценарий түрінде қарастырылады. Бұл зерттеудің ғылыми маңызы оның когнитивтік лингвистика, философия және когнитивтік әдебиеттану тоғысындағы пәнаралық сипатына және тілді антропоцентрлік теориясы аясында қарастыруға негізделген. Зерттеудің практикалық маңызы – пропозиция, фрейм және сценарий құрылымдарының өзара кері айналу мүмкіндігін зерттеуге қосқан үлесі.
Мақаланың мақсаты – кек алу сюжетінің қайталануының когнитивтік негізін ашу, оны бір-бірімен тығыз байланысты когнитивтік репрезентацияның үш схемасы арқылы көрсету, яғни REVENGE оқиға-концептін жекеше, ерекше және жалпы категорияларының диалектикалық бірлігі шеңберінде қарастыру.
Мақалада пайдаланылған әдістер: концептуалды және концептуалды-дефинициялық талдау, салыстырмалы әдіс, лексика-семантикалық талдау.
Нәтижесінде REVENGE концепті пропозициялық деңгейде «жалпы кек алу» ретінде көрініс тапса, фрейм – кек алудың типтік белгілерін біріктіретін кең жүйе, ал сценарий – нақты бір шығармада жүзеге асатын кек алу үдерісінің кезең-кезеңімен сипатталған алгоритмі ретінде танылады. REVENGE концептіне тән міндетті және факультативті белгілер анықталды. REVENGE пропозициясы Avenger – revenges – the offender – for the harm түрінде ұсынылған, мұнда avenger – әрекет иесі (агент), offender – әрекеттің нысаны (пациенс), revenges – предикат, ал for the harm – себеп-салдарлық сирконстант. REVENGE фреймі әлемдік әдебиеттегі «кек алу» сюжеттік желісі негізінде құрылса, сценарий Салман Рушдидің Shalimar the Clown романындағы материалға сүйенеді. REVENGE концепті пропозициядан фреймге, фреймнен сценарийге түрленеді, бірақ оның негізгі өзегі өзгеріссіз қалады. Кеңістік пен уақыттың жаңа шарттары кек алу сюжетін жаңа ерекшеліктермен толықтыруы мүмкін, алайда оның басты белгілері сақталады.
Зерттеу когнитивтік лингвистикада ұсынылған фреймдер, сценарийлер және пропозициялардың кері айналу мүмкіндігін (өзара өзгергіштігін) көркем шығармалар негізінде растайды. Бұл зерттеудің когнитивтік әдебиеттану мен оған жақын пәнаралық зерттеулер үшін құндылығын айғақтайды. Зерттеудің практикалық құндылығы – зерттеу нәтижелерін көрсетілген ғылыми салаларда пайдалану мүмкіндігі.