ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ КЕЙБІР ПРЕЦЕДЕНТ ЕСІМДЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.013Кілт сөздер:
прецедент есімдер, аялық ақпарат, экстралингвистикалық құбылыс, мәдениетаралық коммуникация, лингвокультуремалар, мәдени код, эксплицит ақпарат, имплицит ақпаратАннотация
Мақалада тілдің негізгі мәдени қорын құрайтын, қазақ және ағылшын лингвомәдени қауымдастықтары мүшелерінің танымында өзіндік орны бар кейбір прецедент есімдер аясындағы ақпараттар зерделеніп, ұлт өкілдерінің танымындағы маңызды қор ретінде қарастырылған.
Авторлар прецедент есімдерді уақыттың дегеніне бағынбайтын, ұлт өкілдерімен бірге мәңгі жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатын ерекше лингвомәдени бірліктер қатарына жатқызады.
Жүргізілген зерттеу барысында прецедент есімдердің белгілі бір ұлттық қауымдастық мүшелерінің өзара қарым-қатынасының нормаларын реттеуге ат салысатын қасиетіне ерекше назар аударылған.
Прецедент мәтіндер ұлттың танымдық қорын қалыптастыратын, мәдени ақпарат тасымалдаушы негізгі лингвомәдени бірліктер екені дәйектеліп, олардың тасасындағы эксплицит деректермен қатар, имплицит ақпараттардың астарындағы мәдени кодтар ашылған. Жасалған тұжырымдар салғастырмалы-сипаттамалық әдістер арқылы негізделіп, нақты мысалдармен дәлелденген.