ИМАГИНАРЛЫ, ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ МӘТІН
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.016Кілт сөздер:
имагинарлы мәтін, виртуалды және нақты мәтін таным, ойлау тәсілі, когнитивтік жүйе, концептуалды категорияАннотация
Мақалада мәтін лингвистикасы саласындағы мәселелер, соның ішінде әртүрлі мәтіндер негізінде әлем бейнесі жеке және ұжымдық қалыптастыру тілге тиек болады және мәтін ұғымы тек классикалық түрде түсіндірілмейді. Мәтіндік бірліктерді қарастыру әр түрлі сипатқа және тілдік зерттеудің басқа деңгейіне ие болуында, қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу мазмұнына сай өзгеруінде. Кез-келген тілдік бірлік кең мағынада мәтіннің өзімен бәсекелесе алады. Тек бір ғана ұғым, бір ғана мәтін әлемнің бүкіл бейнесін, кез-келген халықтың менталитеті мен мәдениетін жеткізе алатындығымен түсіндіріледі. Мәтіннің құрылымы әртүрлі факторлар арқылы талданады: оның элементтерінің көмегімен әлемнің бейнесін түсіну және/немесе тану, мәтіннің «сыртқы» немесе «ішкі» дүниесін зерттеу. Алайда, мәтіннің классикалық интерпретациясы, оның ілімі назардан тыс қалады деген ойды білдірмейді. Виртуалды немесе медиа ақпараттың ғылымның кез-келген саласына үздіксіз енуі мен әртүрлі тұжырымдамалардың мазмұндық жағынаң даму динамикасы, отандық мамандық салаларына шетелдік әдебиеттер ағыны мен шетелдік әріптестердің тәжірибелерін пайдалануға, зерттеудің танымдық жағын тереңдету және жаңарту мақсатында олардың көзқарастарын талқылауға мүмкіндік береді. Нақты материалдарды түсіндіру, тілдік шындықты бейнелеу, шексіз таным процесі, адам санасындағы бейнені немесе бейнелерді түсіну түрлі мәтіндік корпустар негізінде анықталады. Беделді сөздіктер, лексикондар және басқа дереккөздерден алынған ақпарат, электронды ақпарат мәліметтері когнитивистика мен корпустық лингвистиканың зерттеу парадигмаларындағы өзгерістерді тұжырымдамалауға ықпал етті. Біздің көзқарастарымызға қызығушылық танытатын және тілдік бірлікті (әр мәтін) ерекше тексере алатын, кез келген зерттеушіні құптаймыз. Біздің қолдануымыздағы және шетелдік ғалымдардың қолдануындағы терминологиялық айырмашылық зерттеушілерді үрейлендірмеуі керек, керісінше оларды әртүрлі ойлар мен түсініктерге бағыттайды.