СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҮШІН ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНЕ «СКАФФОЛДИНГ» ӘДІСТЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.036Кілт сөздер:
Скаффолдинг стратегиясы, тілдік дағдылар, тілдік құзыреттілік, автономия, сыни тұрғыдан ойлау, Сократтық диалог, қадамдық нұсқаулар, формативті бағалау, тапсырманы бейімдеу, модельдеу, топтық жұмысАннотация
Ғылыми мақалада студенттердің лингвистикалық құзыреттілігін дамыту үшін шет тілін оқыту үдерісіне скаффолдинг әдістерін енгізу мәселесі қарастырылады. «Scaffolding» – студенттерге күрделі тілдік дағдылар мен түсініктерді меңгеруде жүйелі қолдау көрсететін білім беру тәсілі. Сонымен қатар скаффолдинг технологиясы сөйлеу, тыңдау, жазу және оқу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Мақалада оқу процесінде скаффолдинг технологиясын қолданудың әртүрлі әдістері мен артықшылықтары және оның студенттердің шет тілін меңгеру деңгейін арттыруға әсері қарастырылған. Оқу үдерісін оңтайландыру және студенттердің үлгерімін арттыру мәселелері де кеңінен зерттеледі.
Зерттеу алдыңғы жүргізілген талдауларға, эксперименттік деректерге және оқыту тәжірибесіне негізделген. Зерттеу әдістемесі студенттер тобын бақылау, сұхбат және тілді меңгеру деңгейін бағалауды қамтитын сапалық және сандық әдіс-тәсілдерден тұрады. Зерттеу нәтижелері бойынша скаффолдинг технологиясының студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға оң әсер ететіндігі анықталды. Бақылау тобымен салыстырғанда скаффолдинг технологиясы арқылы қолдау көрсетілген эксперименталды топ айтарлықтай жақсы көрсеткіш көрсетті. Сауалнамалардың нәтижесінде, студенттердің көпшілігі оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау және өзіне деген сенімділіктің жақсарғанын алға тарта отырып, шет тілдерін үйренудің оң құралы ретінде скаффолдинг технологиясын жоғары бағалайды. Осы нәтижелерге сүйене отырып, скаффолдинг әдістерінің құрылымдық қолдауды қамтамасыз етіп, тілдік құзыреттілігін арттырып және білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасауы мен сыни тұрғыдан ойлауын дамытатындықтан, шет тілін оқытуға енгізу ұсынылады.
Атап айтқанда, зерттеулер Scaffolding технологиясының тіл меңгерудегі рөлі туралы эмпирикалық дәлелдер бере отырып зерттеудің теориялық негіздерін кеңейтеді. Нәтижелер оқытудағы тиімді әдістерді дамыту, тілдік құзыреттіліктерді арттыру, оқу процесін оңтайландыру және жақсы нәтижелерге жету мақсатында шет тілдерін оқытумен айналысатын оқытушылар мен мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін.