ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛДІК ЖАҒДАЯТТЫ АНЫҚТАУ

Автор(лар)

  • Утегенова А. Актюбинский региональный университет имена К. Жубанова
  • Ергалиева Н.У.
  • Кужбанова Н.Е.
  • Алмагамбетова Н.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.026

Кілт сөздер:

тілдік жағдаят, көптілділік, әлеуметтік лингвистика, экзоглосты тілдік жағдаят, эндоглосты тілдік жағдаят, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

Аннотация

Жаһандану үдерісі мен халықаралық қатынастары ауқымының кеңеюі жағдайында Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаятқа ерекше назар аудару қажеттілігі туындап отыр. Бұл тілдік жағдаяттың елдің әлеуметтік және мәдени өмірінде маңызды рөл атқаруымен байланысты, өйткені ол ұлтаралық қатынастардың дамуына, білім беру жүйесіне және мемлекеттік саясатқа ықпал етеді. Зерттеудің негізгі мақсаты – арнайы ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде қазіргі Қазақстандағы тілдік жағдаятты сипаттау. Зерттеудің өзектілігі қазіргі заманғы коммуникациялық үдерістер мен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігімен анықталады. Бұл зерттеу «Үштұғырлы тіл» жобасының іске асырылуы аясында тілдік жағдаяттың өзгеруінің объективті факторын талдауға бағытталған. Аталған жоба көптілді қоғам қалыптастыруды көздейді, онда әрбір тіл белгілі бір қызмет атқарады. Зерттеу әлеуметтік лингвистикалық бағытта жүргізіліп, теориялық материалдар мен эмпирикалық деректерді талдау және синтездеу әдістеріне негізделген. Талдау нәтижелері Қазақстандағы тілдік жағдаяттың экзоглосты, теңгерімсіз және төрткомпонентті құрылымға ие екенін көрсетті. Ол төрт функционалдық типтегі тілдерді қамтиды: жергілікті тілдер, өңірлік тіл (орыс тілі), макро-дәнекер тіл (қазақ тілі) және кәсіби тіл (ағылшын тілі). Қазақ және орыс тілдері басым болғанымен, ағылшын тілінің қолданылу аясы кеңейіп, әсіресе экономика, білім және ғылым салаларында сұранысқа ие болып келеді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы – оның әлеуметтік лингвистика саласының дамуына және көптілді қоғамдағы тілдік үдерістерді тереңірек зерттеуге ықпал етуінде. Ал жұмыстың практикалық маңызы – алынған нәтижелер жалпы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика және психолингвистика пәндері бойынша оқыту үдерісінде қолданылуы мүмкін. Бұл зерттеу материалдары тіл саясаты мен мәдениетаралық қарым-қатынасты зерттейтін мамандар мен студенттер үшін пайдалы болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles