ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ «СӨЗ» ҰҒЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.019Кілт сөздер:
қазақ тіл білімі, сөзтану, тіл және сөз, сөз мәдениеті, сөйлеу, сөйлеу актілері, антропоорталық, сыртқы және ішкі сөз, жазбаша сөз бен ауызша сөзАннотация
Қазақ лингвистикасының өзіндік даму тарихы бар. Тіл білімінде жыл өткен сайын ғылымның жаңа салалары пайда болып келеді. Бүгінгі тіл ғылымының жаңа бағыттары кешенді зерттеуді талап етеді. Қазіргі тіл біліміндегі өзекті зерттеліп жатқан саланың бірі – сөз, сөз мәдениеті. Адамның сөзін зерттеу – лингвистиканың, психологияның, биологияның, әлеуметтанудың, физиканың және т.б. салалардың тоғысуында пайда болып жатқан әр түрлі ғылымдардың өмірге келуіне ықпал етті.
Мақалада қазақ тіл біліміндегі ғалымдардың сөз бен оның қызметіне қатысты ғылыми пайымдаулары, көзқарастары, тұжырымдары қарастырылып, оның мағынасының төркіні мен тарихын табудың әдіс-тәсілдері мен жолдарының теориялық және әдістемелік негіздері баяндалды. Мақаланың мақсаты — қазақ тіл біліміндегі сөздің мәнін, қызметін ашу, сөз лингвистикасын жан-жақты зерттеуді қолға алуды көрсету. Зерттеу жұмысының басты принципі сөзді лингвистикалық, психологиялық, әлеуметтік, когнитивтік аспектілерде кешенді талдау екендігі дәлелденеді. Ізденіс материалы — қазақ тіл ғылымындағы зерттеуші авторлардың ғылыми еңбектері, мақалалары, баяндамалары. Тақырыптың өзектілігі «сөз» ұғымы мен қызметіне қатысты ғылыми көзқарастарды, тұжырымдарды қарастыру арқылы қазақ тіл біліміндегі сөз лингвистикасының тарихи даму кезеңдерін көрсету, оның ғылыми-теориялық негізін айқындау. Iздeнicте мәлiмeттepді жинақтау, іріктеу, жүйeлeу, саралау, тaлдaу, салыстыру секілді әдic-тәciлдepдi қoлдaнaмыз. Зерттеудің маңыздылығы қазақ тіл біліміндегі сөздің қызметін толықтай ашып, жан-жақты қарастыру арқылы сөзге қатысты ғылыми тұжырымдарды жүйелеу, түсіндіру, қазақ тіл біліміндегі жаңа сала сөз лингвистикасының қалыптасу жолдарын айқындау, оның ғылыми-теориялық негізін көрсету, алдағы зерттелінетін бағыттарын саралау. Ізденіс нәтижесінде: қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде сөз қызметіне қатысты ғылыми тұжырымдар да жыл өткен сайын жетіліп, терең зерттеліп, бүгінде сөз лингвистикасы мен сөз мәдениетінің ғылыми-теориялық негізінің айқындалғаны анықталды. Тіл мен сөздің зерттеу салалары сараланды.





