МЕДИАДИСКУРСТАҒЫ МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІҢ КӨРІНІСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.2.77.001Кілт сөздер:
медиадискурс, мәдени ерекшеліктер, жаһандану, локализация, этикалық аспектілер, сәйкестік, медиа мәтіндер, әлеуметтік-мәдени үрдістерАннотация
Қазіргі заманда медиадискурс ақпарат таратудың ғана емес, қоғамдық пікір қалыптастырудың, мәдени ерекшеліктерді бейнелеудің маңызды құралына айналды. Әртүрлі қоғамдардағы медиадискурсты зерттеу ақпарат беру мен оны қабылдаудың мәдениетке тәуелділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеудің мақсаты – медиадискурстың мәдени ерекшеліктерін зерттеу және Қазақстан, Батыс пен Шығыс медиасының ақпарат беру тәсілдерін салыстыру. Зерттеу барысында ақпараттық стиль, риторикалық тәсілдер, идеологиялық ерекшеліктер және медианың қоғамдық санаға ықпалы қарастырылды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – медиадискурстың мәдениетаралық коммуникациядағы рөлін терең түсінуге ықпал етуінде. Ал практикалық маңыздылығы – әртүрлі мәдениеттерге арналған медиаконтентті бейімдеу стратегияларын әзірлеуге негіз болуында. Зерттеуде контент-талдау, дискурсивті және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Негізгі зерттеу материалы ретінде үш медиаресурс таңдалды: Tengrinews (Қазақстан), BBC (Батыс) және China Daily (Шығыс). Мақалалар баяндау құрылымы, аргументация тәсілдері, эмоционалдық реңк және стильдік ерекшеліктер тұрғысынан талданды. Анализ нәтижесінде Қазақстан медиасының ұлттық бірегейлікті нығайтуға, Батыс медиасының объективтілік пен бейтараптыққа, ал Шығыс медиасының мемлекеттік идеология мен дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға бағытталғаны анықталды. Ақпаратты қабылдау әр қоғамның әлеуметтік нормалары, идеологиясы және мәдени кодтарына байланысты өзгереді. Зерттеу медиадискурстың мәдени факторларға тәуелділігін дәлелдейді және мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға үлес қосады. Бұл тұжырымдар медиалингвистика, ақпараттық саясат және коммуникация саласындағы зерттеулер үшін маңызды. Алынған нәтижелер халықаралық медиаконтентті әртүрлі мәдени аудиторияларға бейімдеу стратегияларын әзірлеуде қолданылады. Сонымен қатар, медиасауаттылықты дамыту және ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау дағдыларын арттыруға ықпал етеді.