ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЗМДІК ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.040Кілт сөздер:
психологизм, лирикалық кейіпкер, субьект, поэзия, лирика, эмоциялық тон, шығармашылық тұлға, психологиялық параллелизмАннотация
Бұл зерттеу қазіргі қазақ поэзиясындағы лирикалық кейіпкер феномені және оның психологиялық интерпретациясына арналған. Зерттеу бүгінгі қазақ поэзиясының белгілі өкілі, ақын Е.Жүністің шығармалары негізінде жүргізілді. Ғылыми зерттеу мақаласының кіріспесінде лирикалық поэзияның мәніне қатысты, өлеңдегі психологизмдік мазмұнның көріну тәсілдеріне негізделген зерттеу еңбектеріне шолу жасалынады.
Ғылыми зерттеудің мақсаты – қазіргі қазақ поэзиясындағы лирикалық кейіпкердің психологизмдік мәнінің көріну деңгейін анықтау, оның ішкі әлемін, эмоциялық түйсігін және көркемдік тәсілдер арқылы көрінуін талдау. Зерттеудің негізгі бағыттары ретінде лирикалық кейіпкердің эмоционалдық-психологиялық бейнесін зерттеу, автордың поэтикалық стратегиялары мен тілдік құралдары арқылы психологиялық интерпретация жасау қарастырылды.
Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы, контекстік, талдау тәсілдері мен психологизмдік теориялық негіздеріне сүйенеді, сонымен қатар мәтінді семиотикалық және психоәдістемелік тұрғыдан талдау әдістерін қолдандық. Негізгі нәтижелер көрсеткендей, Е.Жүніс поэзиясында лирикалық кейіпкер күрделі психологиялық құрылымға ие: кейде ішкі диалог арқылы, кейде символдық және метафоралық тәсілдер арқылы автордың эмоционалды әлемін, әлеуметтік уайымдарын және адамгершілік ізденістерін бейнелейді. Лирикалық кейіпкердің ішкі психологиялық динамикасы шығарманың жалпы эмоционалды бояуына ықпал етеді. Зерттеу қорытындысында қазіргі қазақ поэзиясындағы лирикалық кейіпкердің психологиялық интерпретациясының әдеби теория мен сын тұрғысынан маңыздылығы, сондай-ақ автордың шығармашылық ерекшелігін ашудағы
рөлі атап көрсетілді.
Зерттеу құндылығы – қазақ поэзиясындағы лирикалық психологияны ғылыми тұрғыдан талдаудың жаңа бағыттарын ұсынуы және заманауи әдеби үдеріске психологиялық анализ тәсілін енгізуі.
Зерттеу нысанымызға байланысты Отандық әдебиеттанушы ғалымдарымыз З.Ахметов «Поэзия шыңы – даналық», С.Мақпырұлы
«Адамтану», Т.Шапайдың «Ой түбінде жатқан сөз», т.б., сондай-ақ әлемдік зерттеу еңбектерінен Л.Я.Гинзбург «О лирике», Б.О. Корман «Теория
литературы», С.Н. Бройтман «Лирический субъект», т.б. ғалымдардың тұжырымдарын зерттеуімізге арқау еттік. Зерттеу барысында эмоциялық тон ұғымы, лириканың субьективті қыры, өлеңдегі символдардың психологизмдік мәнмен ассоциацияға ұшырайтын тұстары талданды.





