ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕМ СУРЕТІНДЕГІ «АҚЫЛ/УМ» ТҮСІНІГІНІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

Автор(лар)

  • Рыспаева Д.С. Sh.Ualikhanov Kokshetau University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.015

Кілт сөздер:

концепт, семантикалық кеңістік, концепт сферасы, фольклорлық мәтін, ассоциативті эксперимент

Аннотация

Бұл зерттеу қазақ тілі материалы бойынша «ақыл/ум» концептінің тілдік репрезентацияларын талдауға және оның ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтауға арналған. Аталған зерттеу заманауи лингвистикалық бағыттарға сай орындалды.

Бұл зерттеудің мақсаты – «ақыл/ум» концептінің қазақ халқының әлем бейнесінде тілдік репрезентацияларын көрсету. «Ақыл/ум» концептін білдіретін тілдік құралдарды жан-жақты талдау концептінің лингвомәдени құрылымына еніп, тіл фактілерін қазақ халқының дүниетанымы мен рухани құндылықтарымен тығыз байланыста зерттеуге мүмкіндік береді. Концепттер ұлттың концептуалды әлем бейнесінің негізін құрайды. Концепттерді зерттеу лингвистикалық  әлемнің белгілі бір этносқа ғана қатысты бірегейлікті ашады.

Бұл зерттеудің ғылыми маңыздылығы концептің және тілдік әлем бейнесін қарастырудың жаңа жолдарын айқындауда, оның қазақстандық когнитивтік лингвистиканың дамуына белгілі бір үлес қосуында, Зерттеу мақсатына сәйкес тілдік әлем бейнесіндегі «ақыл/ум» концептіні талдаудың кешенді әдістемесі қажет болды, оның ішінде келесі әдістер: құрылымы мен ұлттық ерекшелігін анықтауға мүмкіндік беретін тілдік бағытты ұстанатын концептуалды талдау, сипаттау әдісі, компоненттік талдау әдісі, эксперименттік әдіс, статистикалық әдіс. Лексикографиялық дерек көздерінен, фольклорлық мәтіндерден, ассоциативті эксперимент деректерінен алынған фактілік материалдарды талдау негізінде «ақыл/ум» концептінің құрылымы мен мазмұны туралы мәліметтер алуға мүмкіндік туды.

Концептінің көп өлшемділігін анықтайтын көпқырлылығы талданады. Фольклорлық мәтіндерді талдау бұл концептінің абстрактілі сипаттарды емес, әртүрлі өмірлік жағдаяттардағы нақты тасымалдаушыны бейнелейтін образдарда дараланатынын көрсетеді. «Ақыл/ум» концептінің тілдік санада қалыптасатыны, «ақыл» - стимул сөзінің ақпарат берушілер санасында ассоциативтік өріс тудырып, моральдық категориялармен қатар тұрғаны эксперимент жүзінде анықталды. Зерттеудің практикалық құндылығы басқа концептілерді жан-жақты зерделеуде концептілерді лингвокогнитивтік талдау нәтижелерін және талдау процедураларын пайдалану мүмкіндігімен анықталады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи