АҒЫЛШЫН, ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРГЕ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЗЕРТТЕУ

Автор(лар)

  • Дуйсенова К.Б. АРУ им.К.Жубанова
  • Жампейіс Қ.М. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті https://orcid.org/0000-0003-4391-5879
  • Сарбасова А.Е.
  • Алешинская Е.В.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.007

Кілт сөздер:

лингвомәдени талдау, дәстүрлі құндылықтар, ұлттық болмыс, қазақ мақал-мәтелдері, ағылшын мақал-мәтелдері, отбасы мақал-мәтелдері, салыстырмалы талдау, дәстүр, әдет-ғұрып, мәдени құндылықтар

Аннотация

Бұл зерттеу ағылшын және қазақ мақал-мәтелдеріндегі отбасылық дәстүрлерді лингвомәдени талдау тұрғысынан қарастырып, мәдени тілдік бірліктер арқылы қоғамдағы отбасы өміріне қатысты негізгі құндылықтардың, дәстүрлі нормалардың және наным-сенімдердің қалай ашылатынын зерттейді. Зерттеудің мақсаты – мақал-мәтелдерге салыстырмалы талдау жасау арқылы қазақ және ағылшын мәдениетіндегі отбасылық дәстүрлердің лингвомәдени ерекшеліктерін анықтау. Отбасылық рөлдер, қарым-қатынастар мен жауапкершілікке байланысты мақал-мәтелдерді талдау арқылы зерттеуде құрмет, адалдық және отбасылық қарым-қатынастың маңыздылығы сияқты ортақ тақырыптармен қатар тарихи, әлеуметтік және діни әсерлер арқылы қалыптасқан әртүрлі мәдени көзқарастар анықталады.

Анықталған нәтижелер зерттеудің қазақ-ағылшын мақал-мәтелдеріндегі ‘отбасы’ макроконцепциясына бағыттала отырып олардың лингвомәдени перспективаларына баса назар аударады. Зерттеу мақал-мәтелдердегі отбасылық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, жеткізілуіндегі мәдени белгілердің қызметін атап көрсетеді.

‘Отбасы’ ұғымына қатысты екі тілдегі айырмашылықтар анықталды. Зерттеу жұмысын жүргізуде лингвомәдени талдау әдістері, мақал-мәтелдерді салыстыру және семантикалық талдау әдістері қолданылды. Салыстырмалы талдаудың нәтижелері ағылшын және қазақ қоғамдарындағы отбасылық өмірдің когнитивтік және мәдени ерекшеліктерін түсінуге және ондағы тілдің мәдени бірегейлік пен дәстүрлердің қамтылуы мен  ұзақ уақыт сақталу себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

 Зерттеудің практикалық құндылығы ретінде зерттеу нәтижелерін этнолингвистика, лингвомәдениеттану және мәдениетаралық семантика салаларындағы зерттеулерге пайдалануға болады. Зерттеу ағылшын және қазақ мәдениеттеріндегі ‘отбасы’ ұғымын қабылдаудағы айырмашылықтарды анықтады. Ағылшын мақал-мәтелдері отбасылық қарым-қатынаста ұтымдылық пен сентименталдылық арасындағы тепе-теңдікті көрсетсе, қазақ мақал-мәтелдері ұжымдық құндылықтарға ерекше мән береді. Зерттеу нәтижелері халықтардың рухани мәдениеті мен этникалық ерекшеліктерін түсінуге маңызды үлес қоса алады. Зерттеу барысында лингвомәдени талдау негізінде мақал-мәтелдердің классификациясының жасалуы осы халықтарды біріктіретін ортақ рухани және мәдени құндылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.

Автор биографиясы

Жампейіс Қ.М. , Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles