ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ АНТИТЕЗАНЫҢ ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ЛИНГВОПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.004Кілт сөздер:
антитеза, мақал-мәтел, когнитивтік лингвистика, прагматикалық қызмет, мәдени сценарий, шендестіру, түркі тілдері, ұлттық дүниетанымАннотация
Түркі халықтарының мақал-мәтелдері көне дәуірден бүгінге
дейін ұлт болмысының, дүниетанымының ықшам әрі көркем көрінісін
сақтап келеді. Ондағы антитеза тәсілі қарама-қарсы ұғымдарды үйлестіріп,
терең философиялық идея мен моральдық ұстанымды ықшам әрі әсерлі
түрде жеткізеді. Мақал-мәтелдер антитезаға құрылған. Зерттеудің мақсаты – түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердегі антитезаның когнитивтік және
прагматикалық негіздерін кешенді түрде ашу.
Зерттеу материалдары ретінде қазақ, қырғыз, өзбек, түрік және
әзербайжан тілдеріндегі 200-ден астам мақал-мәтелдер алынған. Әдебиетке
талдау жүргізу барысында когнитивтік фреймдер теориясы (Лакофф) пен
мәдени сценарий тұжырымдамасы, сондай-ақ сөйлеу актілері теориясы
(Грайс) қолданылды. Мақал-мәтелдерді салыстырмалы-типологиялық,
семантикалық, синтаксистік және прагматикалық талдау әдістері арқылы
қарастыру негізінде антитезаның лексикалық, синтаксистік, семантикалық
және прагматикалық сияқты құрылымдық түрлері жүйеленді.
Зерттеу нәтижелері мәтелдердің 60%-нан астамында антитеза
құрылымының бар екенін, оның дәстүрлі жұптағы қарама-қарсы
ұғымдарды ғана емес, эмоциялық әсерді күшейтетін, этикалық нормаларды
нығайтатын коммуникативтік функциясын көрсетеді. Антитезалық
өрнектер тыңдаушының ойлау үрдісін бинарлы модальді күйге бағыттай
отырып, тәрбиелік және реттеуші құрал ретінде әрекет етеді.
Ғылыми жаңалығы – антитезаның тілдік-танымдық және
прагматикалық механизмдерін алғаш рет кешенді түрде талдау арқылы
түркі паремиологиясына жаңа бағыт ашу. Практикалық маңызы – алынған
мәліметтерді тіл оқыту бағдарламаларына, фольклорлық зерттеулерге,
мәдениетаралық коммуникация курстарына және цифрлық паремиологиялық
деректер қорын құруға пайдалануға мүмкіндік береді. Мақалада болашақта
антитезаның диахроникалық өзгерісі мен әлеуметтанулық контекстегі рөлін
зерттеу үшін әрі қарайғы деректер базасын кеңейту ұсынылады.





