СИГНАЛ ЗАТ ЕСІМДЕР: АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ КОРПУСЫ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ

Автор(лар)

  • Сарсеке Г.А. Eurasian National Univresity

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.024

Кілт сөздер:

сигнал сөз, сигнал зат есім, жиілік, коллокация, академиялық корпус, академиялық дискурс, когезия, корпус лингвистикасы

Аннотация

Мақалада сигнал сөздер, соның ішінде сигнал зат есімдер қарастырылады. Сигнал беру қызметін басқа да сөз таптары атқарады, дегенмен академиялық дискурста бұл қызметте зат есімдердің көбірек жұмсалады. Сол себепті зерттеу нысанына сигнал зат есімдер іріктелді.

Зерттеудің мақсаты - қазақ тілді академиялық дискурста кездесетін сигнал зат есімдерді анықтап, олардың жұмсалу жиіліктерін және коллокацияларын анықтау арқылы функционалдық ерекшеліктерін ашу. Сигнал сөздер, оның ішінде сигнал зат есімдер қазақ тіл білімінде жеке зерттелмеген. Біздің зерттеуіміздің маңыздылығы сонда, ол аталған құбылысты қазақ тіліндегі жазбаша академиялық мәтіндерден түзілген корпусқа сүйене отырып жүргізілген алғашқы зерттеу болуында.

Зерттеу корпусқа негізделген зерттеу әдісімен жүргізілді. Бұл әдіс сигнал зат есімдердің қолданылу жиіліктері мен коллокацияларын анықтауда, сондай-ақ оларға сандық және сапалық талдаулар жасауда тиімді болды. Зерттеуде AntConc корпус бағдарламалық жасақтамасы қолданылды.

Зерттеуде сигнал зат есімдердің мәтін ішіндегі логикалық байланыс пен құрылымдық бірлікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны айқындалды. Академиялық корпус негізінде сигнал зат есімдердің кездесу жиіліктері, семантикалық және функционалдық ерекшеліктері және академиялық дискурсты ұйымдастырудағы қызметтері талданды. Зерттеуде сигнал зат есімдердің коллокациялары анықталды және олар корпустан алынған мәтін мысалдарымен көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде сигнал зат есімдердің академиялық дискурста сөйлемдер арасындағы семантикалық тұтастық пен мәтіннің когезиясын жасауда маңызды лексикалық құрал болып табылатыны дәлелденді.

Зерттеудің теориялық маңызы корпусқа сүйеніп жүргізілген эмпирикалық зерттеу болып табылуында. Бұл нақты табиғи тілдің материалдарына сүйеніп тіл элементтерінің функционалдық ерекшеліктерін ашуда маңызды болып табылады. Зерттеудің теориялық және практикалық нәтижелерін академиялық дискурсты зерттеуде, академиялық тілді оқыту мен меңгертуде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles