БҰҚАРАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТІҢ ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Серікжанова М.С. КазНацЖенпу
  • Сейсенбиева Э.С.
  • Умирджанова Ж.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.040

Кілт сөздер:

бұқаралық әдебиет, жанрлар, көркемдік талдау, әдебиеттану, детектив, фантастика, қазақ әдебиеті, фэнтези, бұқаралық мәдениет

Аннотация

Бұл мақалада бұқаралық әдебиеттің жанрлық түрлері мен олардың көркемдік ерекшеліктері ғылыми-әдебиеттанулық тұрғыда жан-жақты қарастырылады. Бұқаралық әдебиет – бүгінгі күнгі әдеби процесте маңызды рөл атқаратын, кең аудиторияға арналған және нарық талабына бейімделген көркем шығармалар жиынтығы ретінде зерттеу нысанына алынды. Аталған әдеби бағытты теориялық тұрғыда қарастыру барысында отандық және шетелдік әдебиеттанушылардың тұжырымдары негізге алынды. Мақалада бұқаралық әдебиеттің тарихи қалыптасуы, оның идеологиялық және мәдени қызметтері, жанрлық жіктелімі, сонымен қатар көркемдік ерекшеліктері ғылыми негізде зерделенді.

Зерттеудің негізгі мақсаты – бұқаралық әдебиеттің қоғамдағы орны мен маңызын айқындау, бұқаралық әдебиеттің көркемдік мүмкіндігін ғылыми негізде бағалау және оны әдеби үдерістің маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру. Зерттеу барысында бұқаралық әдебиеттің көпшілікке әсер ету әлеуеті жоғары екенін, алайда көркем әдебиетпен салыстырғанда эстетикалық талаптарының өзгеше екенін атап өтеді. Мақалада қазіргі қазақ әдебиеті мысалында бұқаралық әдеби жанрлардың ұлттық сипатқа бейімделуі мен оқырман талғамына сай трансформациялану үдерістері де қамтылады.

Зерттеу барысында көркем мәтінді түсіндіруде герменевтикалық әдіс қолданылса, постмодернистік ағымда жазылған шығармалардың ерекшелігін анықтауда салыстырмалы зерттеу әдісі қолданылған. Сонымен қатар, ғылыми мақаланың нәтижелі болуы үшін зерттеуде салыстырмалы талдау құрылымдық және типологиялық сипатын анықтау барысында шетелдік және отандық ғылыми еңбектер басшылыққа алынған.

Зерттеу жұмысында алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында бұқаралық және желілік әдебиет, әдебиет теориясы мен поэтикасы сияқты теориялық курстарды оқытуда, қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың  қалыптасуын  зерттеуде  қолдануға  болады.  Зерттеудің құндылығы қазіргі әдеби үдерістегі жаңа бағыттар мен жаңа сипаттағы бұқаралық әдебиеттің қалыптасу жолын көрсетуімен сипатталады. Мақаланың қорытындысында алынған негізгі тұжырымдар арқылы қазіргі қазақ әдебиетіндегі бұқаралық әдебиет шығармалары  арқылы  қалыптасқан  заманауи ұғымдар мен қазіргі адамның дүниетанымы мен өмірлік философиясын танытуға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles