ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ҒАЛАМНЫҢ МИФОНИМИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.005Кілт сөздер:
мифоним, жұлдыздық атау, антропоморфизм, мифолингвистика, ғалам бейнесі, салыстырмалы ономастика, когнитивтік модель, ұлттық дүниетанымАннотация
Бұл мақалада қазақ және ағылшын тілдеріндегі аспан шырақтарына қатысты мифологиялық атаулар – космонимдердің лингвомәдени, танымдық және ономастикалық табиғаты салыстырмалы-талдамалық негізде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі – адамзаттың дүниетанымдық санасында миф пен тілдің өзара байланысы арқылы қалыптасатын космологиялық модельдердің қазіргі лингвистикадағы орны мен маңызын ашу қажеттілігінде. Жұмыстың негізгі мақсаты – екі тілдегі «аспан», «жұлдыз», «күн», «ай» тәрізді космонимдердің мифологиялық семантикасын, мәдени концептілік өрісін, танымдық репрезентациясын айқындау.
Мақалада когнитивтік лингвистика, мифолингвистика, салыстырмалы ономастика әдістері пайдаланылып, тілдегі космонимдердің пайда болу тетіктері мен ұлттық-мәдени мазмұны талданады. Ғылыми-теориялық база ретінде әлемдік және отандық мифологиялық, лингвомәдени, ономастикалық зерттеулерге сүйенілді.
Зерттеу нәтижесінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі космонимдер тек атау жүйесі ғана емес, халықтың әлем туралы мифтік моделін бейнелейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен семиотикалық код екені анықталды. Кеңістік пен уақыттың мифтік құрылымы, үш әлем моделі, сакральді бағыттар мен шоқжұлдыз атаулары танымдық ерекшеліктерді айқындайды.
Бұл зерттеу космонимдерді лингвомәдени феномен ретінде қарастыруға, ұлттық дүниетанымның символдық негіздерін сипаттауға үлес қосады. Практикалық тұрғыдан зерттеу нәтижелері тіл, мәдениетаралық коммуникация, аударматану және этнолингвистикалық білім беру салаларында қолдануға мүмкіндік береді.





