ТІЛ АЛМАСТЫРУҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАС ПЕН ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТІЛ АЛМАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ

Автор(лар)

  • Сейдін А. Astana IT University
  • Мәмбеталина Д.А.
  • Бақытжанова Г.Б.
  • Мұсағали Г.М.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.020

Кілт сөздер:

тілдік ойын, шет тілін меңгеру, тіл білімі, EMI, тіл алмастыру, тіл қатынасы, көптілділік, көп құзыреттілік

Аннотация

Үштілділік саясатының бір бөлігі ретінде Қазақстанда көптеген жоғары оқу орындары ағылшын тілінде оқытуды енгізіп, тіл (код) алмастыру құбылысы кеңінен орын алатын көптілді білім беру орталарының құрылуына үлес қосты. Сөйлеу барысында тіл алмастыру тіл үйренудің бастапқы кезеңдерінде табиғи түрде жетіспейтін білімді өтеу стратегиясы ретінде орын алғанымен, бұл тақырыпта жүргізілген зерттеулер аталмыш құбылыстың тілді меңгерудің соңғы жетілген кезеңдерінде де кездесуі мүмкін екендігін көрсетеді. Аталмыш зерттеу қазақстандық ағылшын тілінде білім беретін университтегі тіл алмастыру құбылысына деген үш магистранттың көзқарасын зерттеу және екінші және үшінші тілді меңгеру деңгейі жоғары магистрант студенттердің тіл алмастыруына алып келетін негізгі факторларды анықтау мақсатында сұхбатқа негізделген сапалы әдісті пайдаланды. Зерттеуде студенттертің тіл алмастыруына әсер ететін факторлар Водак, Кржижкновск және Форхтнер ұсынған мәнмәтінге тәуелді факторлар жиынтығына сүйене отырып талданды.

Зерттеу нәтижесі қатысушылар тіл алмастыру құбылысы ресми мәнмәтіндерге сай емес жағымсыз құбылыс деп санағанымен, оның топтық талқылаулар мен топтық миға шабуыл жаттығуларын тездету, сыныптастар арасында қарым-қатынас орнату, тілдер арасындағы лингвистикалық айырмашылықтарды түзету және сөйлеу ағымын жақсарту сияқты бірқатар функцияны орындайтынын растайтынын көрсетті. Оқытушы немесе сыныптастардың тіліне бейімделу, өзіндік бірегейлігін көрсету, өз тілдік репертуарындағы тілдермен тәжірибе жасап сынау сияқты факторлар қатысушылардың тіл алмастыруына әсер ететін үш негізгі фактор ретінде айқындалды. Зерттеу нәтижелері тіл алмастыру оқудағы студент белсенділігін арттыруға себепкер болып тіл үйренушінің дамып келе жатқан көп құзіреттілілігің көрінісі болып табылатынын алға салатын бірқатар теорияларды толықтырады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи