ШАМҒАЛИ САРЫБАЕВ ПЕН ОНЫҢ ЗАМАНДАСТАРЫНЫҢ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.007Кілт сөздер:
Шамғали Сарыбаев, филология, лингвистикалық зерттеулер, оқыту әдістемесі, қазақ тілі, әдебиет, салыстырмалы талдау, мәдениетАннотация
Мақаланың зерттеу нысаны – Шамғали Сарыбаев пен оның дәуірлес ғалымдарының филологиялық мұрасы. Жұмыста авторлар шығармаларына салыстырмалы шолу жасалып, шығыс филологиясына қосқан үлестерінің өзіне тән қырлары мен басты өлшемдері айқындалады. Әдіснамалық негіз ретінде салыстырмалы талдау мен мазмұндық интерпретация алынған, барлық байламдар түпнұсқа мәтіндер мен сын әдебиеті деректеріне сүйеніп жасалды. Зерттеу нәтижелері көркем мәтінді түсіндіру мен тілдік құбылыстарды талдау тәсілдерінде ортақ және айырым белгілер барын көрсетті: Сарыбаев ең алдымен тілдік деректерді жүйелеу, типтендіру, жіктеуге басымдық берген; ал оның замандастары көбіне мәдени-тарихи және әлеуметтік қырларға назар аударған. Осы тұжырымдар әр автордың қазақ филологиясының қалыптасуы мен өрістеуінде маңызды рөл атқарғанын дәлелдейді; соның ішінде Сарыбаев еңбектерін әдістемелік қатаңдық пен деректерді жаңаша классификациялау айқындайды. Мақалада Сарыбаев мұрасының педагогикалық әрі практикалық салмағы нақтыланып, қазіргі қазақ тілін оқыту әдістемесі мен лингвистикалық зерттеулер жүйесіндегі орны көрсетіледі. Авторлар еңбектерінің сабақтастығы мен айырмашылығын ашу ұлттық ғылым тарихындағы интеллектуалдық дәстүрлер эволюциясын бейнелеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы зерттеу қазақ тілінің тарихы мен мәдениетінің даму логикасын түсіндіруге ғана емес, бүгінгі тіл білімінің теориялық негіздерін толықтыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады. Жоба филологиядағы әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге, ұлттық ғылымның өзекті мәселелерін жаңаша пайымдауға серпін береді. Практикалық мәні – алынған қорытындыларды филология мен лингвистикадағы ізденістерге, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу мүмкіндігі. Тұтастай алғанда, еңбек тіл мен әдебиетті зерделеуде көпқырлы тәсілдерді ұштастырудың маңызын дәлелдейді.





