EMI ОРТАСЫНДА ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕГІ ҚОБАЛЖУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАРРАТИВТІК ТӘЖІРИБЕСІ

Автор(лар)

  • Сейдикенова А. С. Al-Farabi Kazakh National University
  • Малшы М.М. Al-Farabi Kazakh National University
  • Эргашбоева М. Б. SDU University
  • Несипбай Ж. Е. SDU University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.033

Кілт сөздер:

шет тілін үйренудегі уайым, шет тілі ретінде ағылшын, оқыту тілі ретінде ағылшын (EMI), нарративтік тұлға, студент тәжірибесі, жоғары білім, бірлескен жұмыс, нарративтік құрылымдар

Аннотация

Тіл үйренудегі алаңдаушылық (FLA) студенттердің арасында кездесетін маңызды мәселердің бірі болып табылады.Зерттеушілер бұл тақырыпты сандық тұрғыдан зерттегенімен, студенттердің нарративтік әңгімелерінде мазасыздықтықтың қалай көрініс алатынын көрсететін зерттеулердің саны аз. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты-студенттердің FLA-ны баяндау зерттеуінің құрылымын қолдана отырып, тіл үйрену туралы әңгімелері арқылы қалай түсіндіретінін анықтау. Бұл зерттеудің негізгі бағыттары: негативті тәжірибені позитивке айналдыру (redemption); позитивті тәжірибенің теріс бұрмалануы (contamination); әрекет қабілеті (agency); қауымдастық (communion) және мән-мағынаны құру (meaning-making) сияқты бес негізгі баяндау құрылымын анықтау болды, және қатысушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін өздері бағалауы негізінде жоғары және төмен деңгейлерді салыстыру болды.Зерттеу барысында оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін Қазақстандық университеттердің бірінің студенттерімен құрылымдық әңгімелесу сұхбаттарымен нығайтылған баяндау тәсілі қолданылды. 22 студентке сауалнама жүргізіліп, олардың сұхбаттары тақырыптық кодтар арқылы талданды.Нәтижелер тілді меңгеру деңгейі жоғары студенттердің өз әңгімелерінде әрекет ету қабілетінің (agency) жоғары деңгейін көрсеткенін көрсетеді. Алайда, позитивті тәжірибенің теріс бұрмалануы (contamination) екі деңгейдегі қатысушыларда да айқын болды, әсіресе төменгі деңгейлерде бұл жиі байқалды. Студенттердің алдында тұрған негізгі мәселелердің ішінде ауызша сөйлеу, грамматикалық қиындықтар және көпшілік алдында сөйлеу проблемалары анықталды. Сонымен бірге мұғалімдердің, сыныптастырының және туыстарының қолдауы студенттердің ынтасын сақтауға көмектесетіні байқалды. Қорытындылай келе, бұл зерттеу EMI (ағылшын тілі арқылы оқыту) контекстіндегі FLA-ның күрделі, әңгімеге негізделген сипатына баса назар аударады, бұл мазасыздық тек тілді меңгеру функциясы емес, өзін-өзі бағалау, эмоционалды реакциялар және әлеуметтік қолдаудың әсерінен қалыптасатынын көрсетеді.Зерттеудің теориялық маңызы - FLA-ға нарративтік тұлғалық концепциясын қолдану арқылы бұл құбылысты тереңірек ашу, яғни тіл үйрену процесінде пайда болатын психологиялық аспектілер мен сыртқы факторларды анықтау. Практикалық маңызы - мұғалімдер студенттерге қолдау көрсететін орта қалыптастыру, конструктивті кері байланыс беру және оқушылардың бірлескен жұмысы арқылы студенттердің әңгімелерінде redemption тенденциялары көбірек байқалуына ықпал етеді.

 

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles