ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ БАЛАМАСЫЗ ЛЕКСИКАНЫ АУДАРУ: КӘСІБИ АУДАРМАШЫ VS ЖИ

Автор(лар)

  • Мизамхан Б. АО "КАЗУМОиМЯ имени Абылай хана"
  • Дюсембина Г. КАЗНПУ имени Абая
  • Езмахунова A. АО "КАЗУМОиМЯ имени Абылай хана"

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.030

Кілт сөздер:

мәдени реңкке ие сөздер, баламасыз лексика, жасанды интеллект, аударма баламасы, аз зерттелген тіл, әр түрлі, мәтін корпусы, аударманың әрқилылығы, машиналық аударма

Аннотация

Google Translate және DeepL сияқты жүйелердің дамуына байланысты кәсіби аудармашылар мен машиналық аударма құралдары атқаратын рөлдер айтарлықтай өзгеріске ұшырап жатыр. Соған қарамастан, мәдени реңттегі мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару мәселесі әлі де өзекті және күрделі күйінде қалып отыр. Машиналық аударма құралдарының қазақ салалық ерекшеліктерге бейімделмеуі, сондай-ақ қазақ тілі сияқты тілдердің әртүрлі мәтіндік корпустарда жеткілікті дәрежеде қамтылмауы тікелей аударылмайтын ұғымдарды бұрмалап түсіндіруге, аударма қателіктеріне, мәтіндегі сөздер, ұғымдар мен сөйлемдердің арасында логикалық байланыстың болмауына және аударма тілде сөйлейтін аудитория үшін мәтіннің жасанды болып естілуіне жол ашып отыр.

Аудармадағы осындай сәйкессіздіктерді тиімді талдау үшін GPT-4o жүйесін пайдалана отырып, сондай-ақ, кәсіби аудармашы мен машиналық аударма нәтижелеріне сүйене отырып, екі түрлі нұсқауға (prompt) негізделген стратегия жасалды.

Талдау көрсеткендей, нұсқау дұрыс берілген жағдайда, қазіргі көпшілікке қолжетімді жасанды интеллект (GPT-4o) жүйесі жіберетін қателер саны бұдан айтарлықтай аз болмақ. Адам және машиналық аударма стратегияларын үйлестіру мәселесіне назар аудара отырып, бұл зерттеу машиналық аударманың сапасын арттыру үшін кәсіби аудармашымен бірлесе отырып, мазмұнды нұсқау жасап қолдануды ұсынады.

Зерттеу нәтижелері, сонымен қатар, аударма сапасы әрқилы болғанымен, GPT-4o жүйесі мен кәсіби аудармашының бірлесе жұмыс істеуі баламасыз элементтердің эмоциялық және танымдық (эпистемологиялық) мәнін жақсарта түсетінін де көрсетеді.

Бұл мақала, сондай-ақ, аудармада түпнұсқа мәтіннің мазмұнына барынша сай келетін балама табуға ұмтылу қажет екені де атап өтеді.

Зерттеу теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да құнды, өйткені ол мәдени-реңкке ие элементтерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және әртүрлі аударма тәсілдерінің мәдени мазмұнды жеткізуге қалай әсер ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл жұмыс қазақ тілі табиғи тілді өңдеу (Natural Language Processing) саласында аз қамтылған тіл ретінде қарастырылған жағдайда, Google Translate немесе ChatGPT сияқты жасанды интеллектің көмегімен аударудың кемшілігін анықтауға және оларды жетілдіру жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Автор биографиясы

Мизамхан Б., АО "КАЗУМОиМЯ имени Абылай хана"

 

 

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles