ПОДКАСТТАРДЫҢ МЕДИА ДИСКУРС ЖАНРЫ РЕТІНДЕГІ СИПАТТАМАСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.013Кілт сөздер:
подкаст, дискурс, медиамәтін, отандық контент, билингвалды коммуникация, мақсатты аудитория, прагматикалық әсер, сөйлеу стратегиясыАннотация
Подкасттар заманауи медиа-коммуникация жанры. Подкасттар әртүрлі дискурс аясында қолданылатын және талданатын тілдік құралға айналды. Ұсынылған мақалада қазақ тіліндегі «Zamandas» подкасттарының дискурсивті сипаты, яғни олардың құрылымдық, прагматикалық және коммуникативтік ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу жұмысының мақсаты – подкаст дискурсының тілдік, прагматикалық және интерактивтік ерекшеліктерін анықтап, оны медиадискурстың дербес түрі ретінде сипаттау және адресант пен адресаттар арасындағы дискурс құраушы параметрлерін анықтау. Зерттеу әдістері ретінде дискурстық талдау, контенттік талдау, прагматикалық интерпретация әдістері қолданылды. Подкаст мәтіндеріндегі сөйлеу стратегиялары, коммуникативтік ниеттер мен тыңдарманмен байланыс тәсілдері талданды. Зерттеу нәтижесінде «Zamandas» подкастының қырық эпизоды жеті тақырыптық бағытқа топтастырылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен құндылығы подкасттардың Қазақстан медиакеңістігінде қалыптасқан дискурсивті сипаты алғаш рет айқындалып, Zamandas подкасттарын талдау барысында, оның дискурс құраушы алты параметрі анықталды. Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы – подкаст дискурсын медиа-лингвистикалық және прагмалингвистикалық тұрғыдан зерттеу арқылы заманауи коммуникациядағы жаңа тілдік формалардың табиғатын түсіндірумен айқындалады. Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін «Медиа дискурс», «Медиа-аударма: контентті талдау және локализациялау» және «Салалық аударма» секілді пәндер аясында оқу материалдары ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, практикалық сабақтарда подкасттарды тіл үйрету, медиа сауаттылық пен коммуникация мәдениетін қалыптастыруда тиімді құрал ретінде қолдану мүмкіндіктерімен негізделеді. Қорытындыда зерттеу нысаны болған Zamandas Podcast қазіргі таңда қазақ тіліндегі ең қарқынды дамып келе жатқан подкасттардың бірі екендігі бес фактор арқылы дәлелденді. Зерттеу нәтижелері подкаст-дискурсын одан әрі қарастыруға теориялық негіз бола алады.





