ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ КІСІ ЕСІМДЕРІ МЕН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫН ҚАЗАҚ-КИРИЛЛ ГРАФИКАСЫНДА ЖАЗУ МӘСЕЛЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.010Кілт сөздер:
қазақ тілі, қытай тілі, жазу, дыбыстау, кирилл жазуы, ономастика, таңбалау, емле ережесіАннотация
Мақалада қытай тіліндегі ономастикалық атаулардың, оның ішінде антропонимдер мен топонимдердің транслитерацияда түпнұсқаға сай немесе мейілінше жақын келетін ғылыми негізді нұсқалары ұсынылып, нақты мысалдармен дәйектеледі. Алдымен, қарастырылып отырған тақырыптың тарихына шолу жасалады және осы саладағы еңбектер талданады, соның негізінде мәселенің өзектілігі негізделеді. Қытай тіліндегі антропонимдер мен топонимдерді қазақ тілінде дұрыс таңбалау мәселесіне қатысты ұсыныстар жасалады. Автор тарапынан алдымен қытай тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне талдау жасалып, кісі есімдері мен жер-су атауларының қытай тілінің емле ережесіне сай жазылуына қатысты ерекшеліктер көрсетіледі. Содан кейін Қытайда жарық көрген «Қазақ тілінің емле сөздігі» деп аталатын еңбектегі ханзу тілінен енген сөздер мен жер-су, адам аттарының жазылуына қатысты хань ұлтының есімдері, қытайша жер-су атауларын қазақша жазудың алты емле ережесі жеке-жеке талданады. Сонымен қатар, қытай қазақтарының қытай тіліндегі кісі есімдері мен жер-су атауларын төте жазуда таңбалау тәсілдері де қарастырылады. Қытай тіліндегі жер-су және кісі есімдерін қазақ тілінде орыс тілі арқылы қабылдау дәстүрімен емес, тікелей түпнұсқа тілден және сол түпнұсқа қытай тілі мен қазақ тілінің ерекшеліктері ескеріле отырып, транслитерация тәсілімен берудегі тиімді жолдар ұсынылады.