猪八戒 ЕСІМДІГІ - КОМПОНЕНТІ БАР ҚЫТАЙ ТІЛІНІҢ АСТАРЛЫ СӨЗДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ТАЛДАУЫ
LINGUOCULTURAL ANALYSIS OF CHINESE TWO-ALLEGORICAL SAYINGS WITH A COMPONENT - A PROPER NAME 猪八戒
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.65.2.010Кілт сөздер:
қытай тілі, фразеологиялық бірліктер, xiehouyu, астарлы сөздер, жалқы есім, Чжу Бадзе, лингвомәдениеттану, «Батысқа саяхат»Аннотация
Бұл мақалада Ву Чэньеннің «Батысқа саяхат» ғылыми-фантастикалық романындағы «Чжу Бадзе 猪八戒» есімдік компоненті бар 歇后语 (қытай тілінің астарлы сөздері) сөздерінің қолданылуы талданады. Жалқы есімдер бастапқы мәтіндегі әлем бейнесінің көрінісі болғандықтан, төрт батырдың есімі оқырман қауымға қытай халқының мәдени таңбасын жеткізуші рөлін атқарады, осылайша, жалқы есімдерде ұлт рухы мен Тан дәуірінің рухы айқын көрінеді. Жоғарыда аталған романдағы жалқы есімдерден тұратын 歇后语 тіркестерін зерттеу барысында бұл бейнелердің эмоционалды-экспрессивті бояуы бар екенін анықтауға тырыстық. Тағы бір айта кетер жайт, 歇后语 романға көрік қосады, олардың болуы оқырмандарға эмоциональды әсер береді.
Талдау барысында қытай тіліндегі астарлы сөздер- мәдени ерекшелігі бар сөз тіркестері мен сөйлемдер екендігі анықталды, бұл қытай идиомаларының ерекше түрі. Олардың ішіндегі ең ерекшесі – астарлы сөздердің бірінші бөлігінде жасырылған бейненің қалай ашылғаны. Жоғарыда келтірілген талдауға сүйене отырып, астарлы сөздерде Чжу Бадзе компонентінің болуы бұл жалқы есімнің сөйлеспелі тілде жиі қолданатынын және халық арасында оның танымалдылығының жоғары екенін көрсетеді. Түсініктемеде келіспеушілік ретінде жалқы есімнің қолданылуы оқырманды аллегориядағы жартылай шошқа жартылай адам бейнесінің астында нақты не жатқанын түсінуге итермелейді.