USA TODAY БАСЫЛЫМЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ НЕГІЗІНДЕ ДИАСПОРАЛЫҚ НАРРАТИВТЕРДІ МЕДИАСЫН ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ

Автор(лар)

  • Ашимова З.А. Амангельдиевна

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.006

Кілт сөздер:

диаспора, диаспоралық нарратив, медиа-сыни талдау, сәйкестік, ұжымдық жад, ұлттық сәйкестік, өздігінен сәйкестендіру, мәдени жад, өзін қабылдау

Аннотация

Мақала жаһандану және мультикультурализм процестері аясында диаспоралар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру тетіктерін анықтау мақсатында USA Today американдық газеті материалдары негізінде диаспоралық нарративтерге медиамәдени талдауға арналған. Медиалингвистикалық және медиамәдени талдауды қолдану бұқаралық ақпарат құралдарының шындықты қалай “көрсететінін” ғана емес, сонымен қатар “сыртқы” диаспоралық нарративтерді қалыптастыра отырып, оны қалай белсенді “жасайтынын” зерттеуге мүмкіндік берді. Негізгі назар диаспоралдың қабылдаушы елде болып жатқан саяси және әлеуметтік мәселелерге қатысты көзқарастарын көрсететін әлеуметтік-саяси диаспоралық нарратив түріне аударылады. Мақалада диаспоралық нарратив тек көші-қон және бейімделу тәжірибесінің көрінісі ғана емес, сонымен қатар мәдени жадыны, этникалық бірегейлікті сақтау және мәдениетаралық өзара әрекеттесу мүмкіндігі ретінде қарастылады. Әртүрлі этникалық топтардың – үнді, латын, еврей және байырғы американдықтардың – репрезентация тілін талдау, көзқарастардың көптігін және өзін өзі тану үшін қолданылатын бірегей тілдік маркерлерді (“our” vs. “others”, “we” және “our”) анықтады. Нарративті диаспоралардың стереотиптерге қалай қарсы тұратынын, қандай талаптар қоятынын және өздерінің мәдени ерекшеріктерін қалай сақтауға ұмтылатынын, көбінесе мәдени ассимилицияға қарсы тұрудағы механизмі ретінде әрекет ететінін көрсетеді. Зерттеу диаспоралық дискурстың жаһандану мәдени өзгерістердің сәйкестігін түрлендірудегі және жаңа мағыналарды қалыптастырудағы рөлін атап көрсете отырып, медиа және диаспоралдық талдауларға үлес қосады. Көші-қон және мәдени гибридизация жағдайында ерекше өзектілікке ие болып, олардың бірегейлікті түрлендірудегі және өзгермелі әлемде жаңа мағыналар қалыптастырудағы рөлін атап көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles